Қазақ
Орыс
Ағылшын
АО "ЛОКОМОТИВ ҚҰРАСТЫРУ ЗАУЫТЫ"

Зауыт туралы

 

Жылжымалы құрам паркін жаңарту қажеттілігі бұрынғы ССРО елдерінің көпшілігі алдындағыдай, Қазақстанның алдында да туды. Бұл мәселені шешудің көптеген жолдары қарастырылды: дайын локомотивтерді сатып алу, барын - жаңғырту. Осының нәтижесінде, Балтық аймағының және бұрынғы Совет Одағының құрамына енген барлық мемлекеттердің құрыш магистралын құрайтын, 1520 кеңістігіндегі елдердің сұранысын талдау кезінде, жаңа локомотив өндірісін іске қосуға шешім қабылданды. 2009 жылғы 3 шілдеде ашылған «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамының елшілес кәсіпорны «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы «Қазақстанның Күшейтілген Индустриялы Инновациялық Дамуы» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде құрылды.

Зауыт еліміздің экономикалық өсуі, шікі заттық бағыттан бас тартуы, Республиканың ауыр машинажасау тарихының жаңа басталуы кезінде, күрделі құрылымдық өзгерістер бастамасының алғашқы жаршыларының бірі болып табылды. Кәсіпорынның негізгі мақсаты индустриялы инновациялық дамуға лайықты үлес қосу және Қазақстанның теміржол көлік жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар «1520 кеңістігінде» жылжымалы құрам иелеріне сапалы өнімдер беру.

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның қызметкерлері 2006 жылы General Electric американ компаниясымен  уағдаластық жасасқаннан кейін, аймақтың климаттық ерекшеліктерін, рельстік төсемін, тасымалданатын жүктердің  ерекшеліктерін, қазіргі экологиялық талаптарды және санитарлық нормаларды ескере отырып қазақстандық тепловоз сай болатын техникалық сипаттама әзірлей бастады.

Атқарылған жұмыс нәтижелері: 2009 жылғы  желтоқсанның 7-сінде Қазақстанда жиналған, ТЭ33А - Evolution сериялы, бірінші жүк магистарльды бір секциялы бесінші буын тепловозының тұсау кесері болып өтті.

Бүгінгі күнде ТЭ33А локомотивтерінің  120-дан астам бірлігі кәсіпорын конвейерінен  шықты.

Барлық локомотивтер мәлімделген техникалық сипаттамалар мен пайдалану қауіпсіздігіне сәйкес тексерудің толық циклін өтеді. Әрбір тепловоз соңғы құрастыру мен бояудан кейін сынау учаскесіне жіберіледі.

 

Жаңа машиналар бес негізгі бағыттарды қамтитын сынаудың 19 әр алуан түріне тартылады: электрлік бөлігін, механикалық бөлігін сынау; жалпы дизель-генераторлық қондырғының жұмысы мен корпус жапсарының беріктігін тексеру. Қорытынды кезең – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның магистаральды жолдарында жүрістік сынау.

 

Сынау кезінде дәлдігі жоғары қазіргі заман аспаптары қолданылады.

Қазір, бір уақытта сегіз локомотив тексерудің толық циклін өтетін жаңа сынау цехының құрылысы бойынша кәсіпорында жұмыс жүргізілуде.

 

Зауыттың жобалық қуаты жылына 100 магистарльды жүк локомотивтерді құрайды. Зауыттың барлық қуатын қосуды жүзеге асыру 2014 жылға дейін жоспарланған. Сол кезде зауыт ұжымында адам саны мыңнан артатын болады.

Кәсіпорында тиімділікті арттыру мақсатында зауыт өнімдерінің құрамындағы қазақстандық үлесті арттыру бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Бастапқы кезеңде өндіріс процесі жай ғана «бұрауышты» болды – GE компаниясынан сатып алынған қосалқы бөлшектерден тепловозды құрастыру ғана жүргізілді. Қазақстандық мамандармен локализацияның бірінші фазасын жүзеге асырудан кейін, локомотив платформасын, аккумулятор жәшіктерін, корпусты бояу және тазартқыштарды құрастыру игерілді.

Зауыт жылдың басынан өндірісті локализациялаудың екінші фазасына өтті -  бұл дизель-генераторлық бөліктерді, машинист кабинасын құрастыруды, доңғалақ жұптарын және доңғалақ-моторлы блоктарды қалыптастыруды игеру. Арбашықтарды құрастыру. Қазақстандық өндiрушiлерден сатып алынатын өнімдердің тізімі кеңейтілді.

Әрбір локомотив үшін барлығы үш мыңнан артық бөлшектер локализацияланды.

Локализацияның 3-кезеңі 2015 жылға дейін түпкілікті аяқталады. Пневможүйе және желдету құбырларын құрастыру бойынша нәзік жұмыстарды, сондай-ақ арбашық рамаларын жасауды игеру көзделген. Осының бәрі қазақстандық мөлшер үлесін 50%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Сол себептен, өндірісте дүниежүзілік станок жасау саласындағы озат жетекшілер бере алатын жабдықтар пайдаланылады. Бытыра лақтыру камерасы металды екі жақтан тазартады; бұрмалау жабдығы бұйымға кез келген пішін береді; тығыздығы әртүрлі, қалындығы 80-нен 4 мм-ге дейін металдың әртүрлі түрлерін  кесу үшін неміс және швейцария өндірістерінің газбен, плазмамен және лазермен кесу станоктары қолданылады; жалпы алғанда, бүгінгі күнде кәсіпорын балансында 1200-ден артық әртүрлі жабдықтар тіркелген.

Әрине, ТЭ33А кез келген техника сияқты үнемі түзетуді, жетілдіруді  талап етеді, сол себептен кәсіпорында конструкторлық-технологиялық бюро құрылған, оның міндеті - әрдайым талдау жүргізу және қандай-да бір жинақтаушы бөлшекті даярлау кезінде түзетулер енгізу. Зауыт-даярлаушы тапсырыс берушінің тілектерін қабылдауға және кез келген ескертулерді жоюға әрқашан дайын.

Кәсіпорын жұмысының негізгі бағыттарының бірі экспорт болып табылады. Қазақстандық локомотивтің әлеуетті сатып алушылары «1520 жол кеңістігінің» барлық теміржол әкімшіліктері мен жеке операторлары болып табылады.

ТЭ33А тепловозының техникалық сипаттамасы, қуаты, пайдаланудағы үнемділігі, барлық халықаралық экологиялық стандарттарға сәйкес болуы нәтижесінде Тәжікстан, Латвия, Эстония, Монғолия және басқа елдердегі компаниялар Қазақстанда өндірілген жүк тепловозын сатып алуға қызу құштарлық білдіріп отыр.

Осы бағытта атқарылған жұмыстың алғашқы жемісі: 2011 жылғы 21 қарашада «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-мен және «РохиОханиТочикистон» МУК (Тәжікстан темір жолдары) арасында 6 ТЭ33А локомотивтерін жеткізу туралы келісім-шартқа қол қойылды. «ЛҚЗ» АҚ өндірген локомотивтерді  сатып алу тақырыбындағы келіссөздер тәжік тарапынан ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында жүргізілді, әріптестерге пайдалану полигонында қозғалыстағы тепловоздың техникалық сипаттамасымен жан-жақты танысуға мүмкіншілік берілді. 28 ақпанда Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында ТЭ33А бiрiншi тобының (2 локомотив) салтанатты қабылдауы болып өтті. Тепловоздарды «РОТ»-ға жеткізу шарт бойынша түпкілікті қаржылық есеп айырысудан кейін аяқталады.

АО "Локомотив құрастыру зауыты" 2009 - 2012