Құрылым

1962 жылы 5 мамырда туған.
1989 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Теміржол көлігін электрлендіру» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1989 жылы Жамбыл локомотив депосынан бастаған, 1989 жылғы тамыз айынан 1999 жылғы шілдеге дейінгі аралықта цех бригадирі, аға шебер, өндірістік учаске бастығы, депо бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.
1999 жылғы маусымнан 2001 жылғы наурызға дейін Ақмола стансының локомотив депосында бас инженер қызметін атқарды.
2001 жылғы наурыздан 2004 жылғы сәуірге дейінгі аралықта «Желдорреммаш» ААҚ-нда бас инженер, вице-президент қызметтерін атқарды.
2004-2008 жылдары –«Бәйтерек» АҚ-ның президенті қызметін атқарды.
2008 жылғы қарашадан 2009 жылғы қарашаға дейінгі аралықта «Қамқор Менеджмент» ЖШС-да локомотив шаруашылығы департаменті директорының орынбасары және локомотив шаруашылығы департаментінің директоры лауазымдарында қызмет атқарды.
2009 жылғы желтоқсаннан 2011 жылғы наурыз айына дейін - «Қамқор-Локомотив» ЖШС-да бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2011 жылғы наурыз айында «Локомотив құрастыру зауыты» Акционерлік Қоғамының президенті лауазымына шақырылды.

1983 жылы Алматы қаласында туған.
2003 жылы Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2003 жылдан бастап 2006 жылға дейінгі аралықта Ұлыбританиядағы Кардифф қаласында (Cardiff University) MSc in international Economic, Danking fnd Finance мамандығы боынша оқыған.
Еңбек жолын 2004 жылғы қазан айынан «Еуразия банкі» АҚ-ның №5 филиалында корпорациялық несие беру мамандығы қызметінен бастаған.
Ұлыбританиядан оралғаннан кейін «Астана-қаржы» АҚ-ға қабылданған, ол жерде 2006 жылғы қазан айынан 2009 жылғы наурызға дейінгі аралықта қазыналық операциялар бөлімінің маманы, халықаралық операциялар бөлімінің маманы, ішкі тәуелділікті сақтандыру лауазымдарында қызмет атқарды.
2008 жылғы сәуірден бастап қазанға дейін «Жол жөндеуші» Комнаниясы» ЖШС-да бизнес-процестерді оңтайландыру жөніндегі менеджер және бизнес-процестерді оңтайландыру бөлімінің бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.
2008 жылғы қазаннан бастап 2010 жылғы мамырға дейін - «Транстелеком» АҚ-да инновация жөніндегі директордың орынбасары және басқарушы директордың орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.
2010 жылғы мамырда «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ға экономика және қаржы басқармасының бастығы қызметіне қабылданды.
2010 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін Компанияның экономика және қаржы жөніндегі Вице-президентінің қызметінде.

1978 жылы Алматы қаласында туған.
1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еуропада, Солтүстік Америкада, Сингапурде тәжірибе жинақтаудан және қосымша оқытудан өткен.
Еңбек жолын 1998 жылы мамырда Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрлігінің автомобиль жолдары департаментінің «Инжинирингавтодор» РМҚК-нда жетекші маман лауазымынан бастаған.
1999-2001 жылдары көлік және коммуникациялар министрлігі жанындағы Дүниежүзілік банктің жобасын жүзеге асыру тобының консультанты, 2001 жылы Дүниежүзілік банктің жоба жетекшісі болып қызмет атқарды.
2002 және 2003 жылдар кезінде Дүниежүзілік банктің көліктік жобалар жөніндегі консультанты, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жүйелік зерттеулер орталығы жанындағы жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын дамыту бойынша жоба жетекшісі болып қызмет атқарды.
2003 жылдан 2010 жыл аралығында «Орталық Азиялық консультанттар» агенттігі» ЖШС-нің директоры лауазымында қызмет атқарды.
2003, 2004 және 2005 жылдары Қазақстанның көлік секторындағы әр түрлі жобалары бойынша Азиялық даму банкі және Дүниежүзілік банкпен келісім-шарт бойынша жұмыс істеді.
2006 жылдан бастап «Аймақтық даму және менеджментті зерттеу орталығы» БҚ президенті болып табылады.
Қазақстанның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалау әдістемесінің туындыгері құқығына ие.
2010 жылғы қаңтарынан бастап «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамының коммерция және сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі вице-президенті.

1961 жылы Жамбыл қаласында туған.
1989 жылы Фрунзе политехникалық институтын «Автомобиль және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2009 жылы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Локомотивтер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1978 жылы Жамбыл локомотив депосында сілесірдің оқушысы болып бастады. 1978 жылдан 2001 жылға дейінгі аралықта отын цехының шебері, 1-АЖ цехының шебері, электровоздар цехының аға шебері қызметтерін атқарды.
2001 жылдан 2005 жыл аралығындағы кезеңде директордың жөндеу жөніндегі орынбасары, одан кейін вице-президент лауазымына шақырылды.
2005 жылы Астана қаласына «ЛСЦ» АҚ – ның өндірістік-пайдалану бөлімінің бастығы болып ауыстырылды.
2008 жылдан 2009 жыл аралығындағы кезеңде «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ы президентінің кеңесшісі, «ЖЛВК» АҚ Солтүстік филиалының директоры қызметін атқарды.
2009 жылғы қазаннан 2010 жылғы қазанға дейін «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамының директоры қызметін атқарды.
2010 жылғы қазаннан бастап осы уақытқа дейін аталған кәсіпорынның бас инженері.

1964 жылы Целиноград қаласында туған.
1984 жылы Целиноград теміржол көлігі техникумын «Көліктегі жүк жұмыстарын механизациялау» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2003 жылы Қазақстан қатынас жолдары университетін «Құрылыс жол машиналары» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1987 жылы Астана локомотив депосында бастаған, мұнда ол 1987 жылдан 2001 жылға дейін сілесір, механикалық жабдықтарды жөндеу бойынша цехтың шебері, бас механик, өнідірістік-техникалық бөлім бастығы қызметтерін атқарған.
2001 жылдан 2004 жылға дейін «Желдорреммаш» ААҚ-да өндірістік-техникалық бөлім бастығы лауазымында қызмет атқарды.
2004 жылғы сәуірде «Бәйтерек А» АҚ-ға вице-президенті қызметіне шақырылды.
2007 жылғы желтоқсаннан 2011 жылғы сәуірге дейін «Қамқор Менеджмент» ЖШС-де локомотив шаруашылығы департаментінің бас менеджері және инвестициялық саясат және жаңа жобалар департаментінің бас менеджері лауазымдарында қызмет атқарды.
2011 жылғы мамырдан бастап осы уақытқа дейін «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамының техникалық даму жөніндегі директоры.

1953 жылы Алматы қаласында туған.
1979 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін тәмамдаған. 1985 жылы округтук офицерлер үйі жанындағы Әскери университетті аяқтаған.
Еңбек жолын 1973 жылы «Алатау» ӨБ, «Алатау» ААҚ деп атауы өзгертілген Алматы электротехникалық зауытында бастаған. 1973 жылдан 2005 жылдар аралығындағы кезеңде бригадир, шебер, жабдықтау бөлімінің бастығы, бас директордың орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.
2005-2006 жылдары «Маңыз» ЖШС-де электромонтаждау жұмыстары жөніндегі маман болып жұмыс істеді.
2006 жылғы мамырдан бастап 2009 жылғы тамызға дейін «АВЗ» АҚ-ы құрал-саймандар цехының бастығы қызметін атқарды.
2009 жылғы тамыздан осы уақытқа дейін «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамының өндіріс директоры.

1974 жылы Атбасар қаласында туған.
1993 жылы Целиноград совхоз техникумын «Бухгалтер-экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1998 жылы Қазтұтынушылародағының Қарағанды экономикалық университетіне түсіп, 2000 жылы «Бухгалтер-экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Красный Маяк ауылшаруашылығында бухгалтер лауазымынан бастады.
1997 жылы Ақмола мемлекеттік филармониясында бухгалтер қызметін атқарды.
1999 жылдан 2002 жыл аралығындағы кезеңде «Жастар» сарайында бухгалтер лауазымын атқарды.
2003 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «Теміржолбаспа» филиалында экономист ретінде қабылданды.
2004 жылдан 2005 жыл аралығында «Жолаушылар лизингтік вагон компаниясы» АҚ-ның орталықтандырылған есеп және меншікті шаруашылық бөлімі бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
2004 жылдан 2005 жыл аралығындағы кезеңде «Жолаушылартранс» ЖШС-да бас бухгалтердің орынбасары-бөлім бастығы қызметін атқарды.
2005 жылдан 2010 жыл аралығында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның бухгалтерлік есеп басқармасының орталықтандырылған есеп бөлімінің бас маманы, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.
2010 жылғы шілдеден бастап осы уақытқа дейін «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы бас бухгалтер.






