• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Кәсіпорын туралы

Astana_Locomotiv_Locomotive_Assembly_Shop_Electricians-0788.jpg

Бұрынғы ССРО көпшілік елдерінің алдындағы сияқты, Қазақстанның алдында жылжымалы құрам паркін жаңарту қажеттілігі туды. Бұл мәселені шешудің көптеген жолдары қарастырылды: дайын локомотивтерді сатып алу, бар локомотивтерді жаңғырту. Осының нәтижесінде 1520 кеңістігіндегі, атап атйқанда Балтық аймағының және бұрынғы Совет Одағының құрамына енген барлық мемлекеттердің құрыш магистралын құрайтын елдердің сұранысын талдау кезінде, локомотивтердің жаңа өндірісін іске қосу туралы шешім қабылданды. 2009 жылғы 3 шілдеде ашылған «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамының (Қазақстан темір жолдары) елшілес кәсіпорны «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы «Қазақстанның Күшейтілген Индустриялы Инновациялық Дамуы» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде құрылды.

Зауыт еліміздің экономикалық өсуі, шікі заттық бағыттан бас тартуы, Республиканың ауыр машинажасау жаңа тарихының басталуы кезінде, күрделі құрылымдық өзгерістер бастамасының алғашқы жаршыларының бірі болып табылды. Кәсіпорынның негізгі мақсаты индустриялы инновациялық дамуға лайықты үлес қосу және Қазақстанның теміржол көлік жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар «1520 кеңістігінде» жылжымалы құрам иелеріне сапалы өнімдер беру.

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-тың қызметкерлері 2006 жылы General Electric американ компаниясымен уағдаластық жасағаннан кейін, аймақтың климаттық ерекшеліктерін, рельстік төсемін, тасымалданатын жүктердің ерекшеліктерін, қазіргі экологиялық талаптарды және санитарлық нормаларды ескере отырып қазақстандық тепловоз сай болатын техникалық сипаттама әзірлей бастады.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесі: Қазақстанда жиналған ТЭ33А - Evolution сериялы бесінші ұрпақты бірінші жүк магистарльды бір секциялы тепловоздың тұсау кесері 2009 жылғы 7 желтоқсанда болып өтті.

Бүгінгі күнде кәсіпорын конвейерінен ТЭ33А локомотивтерінің 180 бірлігі шықты.

Барлық локомотивтер мәлімделген техникалық сипаттамалар мен пайдалану қауіпсіздігіне сәйкестігін тексерудің толық циклінен өтеді. Әрбір тепловоз соңғы құрастыру мен бояудан кейін сынау учаскесіне жіберіледі.

Жаңа машиналар бес негізгі бағыттарды қамтитын әртүрлі сынаудың 19 түрінен өткізіледі. Сынау кезінде дәлдігі жоғары қазіргі заман аспаптары қолданылады.

Зауыттың жобалық қуаты жылына 100 жүк магистарльды локомотивтерді құрайды. «ЛҚЗ» АҚ 2012 жылдың мамыр айынан бастап толық қуатына көшті - айына 8 тепловоз.

Бастапқы кезеңде өндіріс процесі жай «бұрауышты» болды – GE компаниясынан сатылып алынған қосалқы бөлшектерден тек құрастыру ғана жүргізілді. Кәсіпорында рентабельділікті арттыру мақсатында зауыт өнімдерінде қазақстандық қамтылым үлесін арттыру бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Бұл процесс 3 кезеңге бөлінген. 2012 жылдың басынан бастап зауыттың мамандарымен екінші фаза толығымен игерілді, қазір енді әрбір локомотивті жасаған кезде қазақстандық қамтылым 32 %-ды құрайды, немесе әрбір ТЭ33А локомотиві үшін бөлшектердің 11 000-нан астам атауын құрайды. Осы көрсеткіш 2014 жылы 52%-ды құрайтын болады.

Сол себептен, өндірісте дүниежүзілік озат станок жасаушылар беретін жабдықтар пайдаланылады. Бытыра лақтыру камерасы металды екі жақтан тазартады; бұрмалау жабдығы бұйымға кез келген пішін береді; қалындығы 80-нен 4 мм-ге дейін, тығыздығы әртүрлі металдың әртүрлі түрлерін кесу үшін неміс және швейцария өндірістерінің газбен, плазмамен және лазермен кесу станоктары қолданылады; жалпы алғанда, бүгінгі күнде кәсіпорын теңгерімінде әртүрлі жабдықтардың 1200-ден астамы тіркелген.

ТЭ33А кез келген техника сияқты үнемі түзетуді, жетілдіруді талап етеді, сол себептен кәсіпорында конструкторлық-технологиялық бюро құрылған, оның міндеті үздіксіз талдау жүргізу және жинақтаушы бөлшектерді дайындаған кезде түзетулер енгізу. Зауыт-даярлаушы әрқашан тапсырыс берушінің тілектерін орындауға және кез келген ескертулерді жоюға дайын.

Кәсіпорын жұмысының негізгі бағыттарының бірі экспорт болып табылады. Барлық «1520 жолтабан кеңістігіндегі» теміржол әкімшіліктері және жеке операторлар Қазақстандық локомотивтерді әлеуетті сатып алушылар болып табылады.

ТЭ33А тепловозының техникалық сипаттамалары, қуаты, пайдаланудағы үнемділігі, барлық халықаралық экологиялық стандарттарға сәйкес болғандықтан, Тәжікстан, Латвия, Эстония, Моңғолия және басқа елдердің компаниялары Қазақстанда жасалған жүк тепловозын сатып алуға қызу құштарлық білдіріп отыр.

2012 жылы Қазақстандық локомотивтерді экспорттық нарыққа шығару бойынша аумақты жұмыс атқарылды: «ЕвроСиб» ЖАҚ ресей компаниясымен ТЭ33А-ның 50 бірлігіне меморандумға қол қойылды, «Vopak E.O.S. Ltd.» эстон компаниясымен 10 ТЭ33А жеткізуге шарт жасасу бойынша жұмыс жүргізілуде, «Латыш темір жолдары» АҚ тепловоздың шамамен 20 бірлігін сатып алуға мүдделілік танытты.

2012 жылдың өндіріс жоспары жүк локомотивтерінің 76 бірлігін құрады, соның ішінде 4-еуі экспортқа арналған. Бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 8 машинаға өсті. Экспорттық партияның локомотивтері, келісімшарт талаптарына сәйкес, тәжік темір жолдарына әлдеқашан жөнелтілген, 2 машина ағымдағы жылдың өндіріс жоспарында, және 2013 жылдың бірінші тоқсанының аяғына дейін «РохиоханиТочикистон» атына жіберілетін болады.

2011 жылы теміржол көлігіндегі Ресей сертификаттау тіркелімі мен «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ арасында ТЭ33А локомотивінің сертификаттық сынаудан өтуіне шарт жасалған.

Сентификаттық сынаудың бірінші бөлігінен өту үшін ТЭ33А Мәскеу түбіндегі Коломна қаласына жіберілді. Ресей тарапынан бірінші циклдің нәтижесі бойынша бірнеше ескертулер жасалған, 2012 жылдың аяғында кәсіпорынның қызметкерлері Ресей тіркелімінің барлық ескертулері ескерілген локомотивтің жаңа модификациясын жасауға кірісті. Бүгінгі күнде, РФ сәйкестік сертификатын алу «1502 кеңістігіндегі» көпшілік елдердің аумағында Отандық тепловозды іске асыру үшін қажетті шарт болып табылады.

2012 жылдың шілде айында GE компаниясымен қол қойылған келісім аясында «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ қызметкерлері 2014 жылдан бастап жолаушылар локомотивін өндіруді бастайды.

Ағымдағы жылдың екінші тоқсанынан бастап «ЛҚЗ» АҚ қызметкерлері жаңа серіктес – «Электровоз құрастыру зауыты», сондай-ақ АЭА орналасқан «Астана-жаңа қала» үшін бөлшектерді аумақты көлемде дайындауға кіріседі. Осы тораптардың арасында – платформа қаңқасы, арбашық қаңқасы, доңғалақ жұптары. Әрбір электровоз үшін барлығы 1500-ден астам бөлшектердің атауы. Одан басқа, ТЭ33А өндіру жоспары айтарлықтай өсті, ол 92 жүк локомотивін құрайды, оның 20-сы экспортқа арналған.