Жаңалықтар
07.09.2016
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары «ҚТЖ» ҰК» АҚ нысандарымен танысты
7-қыркүйекте ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Астанадағы нысандары – «Астана» көліктік-логистикалық орталығы (КЛО), «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Тұлпар-Тальго» ЖШС және «Темір жол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығын» аралады.
06.09.2016
Қазақстандық тепловоз Тәжікстанның жаңа жолында тұңғыш пойызды сүйреді
Душанбе- Қорғантөбе – Куляб жаңа темір жол желісінде тұңғыш пойызды Астана локомотив құрастыру зауытынан шыққан ТЭЗЗ №0300 сериялы тепловоз сүйреді.
19.08.2016
Уведомление о проведении предварительного квалификационного отбора потенциальных поставщиков Холдинга АО «Самрук-Қазына»
01.10.2015
Қазақстандық локомотивтер Әзірбайжан темір жол паркін толықтыруда
«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ шығаратын ТЭЗЗА бесінші буынындағы «Evoiution» сериясының кезекті партиясы Бакуге жөнелтілуге дайын.
21.11.2014
«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ экспорт ауқымын кеңейтуде
Қазақстанда құрастырылған жүк тепловозы экспортқа шығарылды: отандық локомотив Ашхабадқа жол тартты. Бүгін Түркіменстан астанасының депосында жаңа локомотивті қабылдап алу рәсімі болып өтті. Жаңа локомотивті Қазақстан – Түркіменстан – Иран темір жолының ашылу салтанатында қолдану көзделуде. Жаңа учаске арқылы тасымалданатын жүк ағынының көлемі анықталғаннан кейін Түркіменстан темір жолы Қазақстаннан тағы да 18 жаңа тепловоз сатып алады.
05.08.2014
Сертификаттаудан өтті
«Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы «Федералдық теміржол көлігіндегі сертификаттау тіркелімі» ФБМ «Evolution» сериялы тепловоздарына сәйкестік сертификатын алды, бұл ТМД және Балтық елдерінің нарығына жол ашады.
2013 жылы компанияның қызметі экономика мен халықтың тасымалдауға қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, теміржол машина жасау өнімдерін өндіруге, активтерді жаңғыртуға, көлік-логистикалық жүйені қалыптастыруға және жаңа құзыреттерді дамытуға, қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.
12.10.2013
Қазақстандық тепловоз Украинада!
2013 жылғы қазанның 11-інде «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ мен Украинаның «Ивано –Франковскцемент» кәсіпорны арасында ТЭЗЗА тепловозын қабылдап алу Актісіне қол қойылды.
25.09.2013
Маңызды!
«Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ мен «Локомотив» АҚ арасында ТЭ33А сериялы магистралды тепловоздарды сатып алу туралы шартқа және «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ мен AS E.R.S. арасында Evolution® сериялы ТЭ33АС локомотивтерін сату туралы шартқа қол қою арқылы ірі келісімдер жасалғаны туралы хабарлайды.
09.09.2013
ТЭ33А №0241: межелі пункті - Мәскеу
26 тамызда 0241 жол нөмірі бар ТЭ33А жүк тепловозы "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ туған қабырғасынан шықты. Бұл локомотив жиналып, толық сынақтан өтті. Оның тағайындалған орны-Мәскеу қаласындағы "ВНИИЖТ" ААҚ эксперименттік сақинасының аумағы. Дәл осы жерде 11-14 қыркүйек аралығында "ЭКСПО 1520"IV халықаралық техника және технологиялар теміржол салоны өтеді.