• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ экспорт ауқымын кеңейтуде

«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ экспорт ауқымын кеңейтуде 21.11.2014

Қазақстанда құрастырылған жүк тепловозы экспортқа шығарылды: отандық локомотив Ашхабадқа жол тартты. Бүгін Түркіменстан астанасының депосында жаңа локомотивті қабылдап алу рәсімі болып өтті. Жаңа локомотивті Қазақстан – Түркіменстан – Иран темір жолының ашылу салтанатында қолдану көзделуде. Жаңа учаске арқылы тасымалданатын жүк ағынының көлемі анықталғаннан кейін Түркіменстан темір жолы Қазақстаннан тағы да 18 жаңа тепловоз сатып алады.

Мемлекет басшысының қатысуымен 2009 жылдың шілдесінде ашылған дизельді локомотив құрастыру зауыты бүгінге дейін 280-нен астам ТЭ 33А локомотивін құрастырып шығарды. Бұл техника өзін тек қазақстандық болат жолдарда ғана емес, сондай-ақ Тәжікстан, Қырғызстан, Украина темір жолдарының бойында да сапалы локомотив екенін дәлелдеді. Бұдан басқа Ресей және Эстония шойын жолдарының бойымен сынақтан өткізу барысында сапасына ешқандай мін тағылған жоқ.

Локомотив құрастыру зауыты қызметкерлері қазақстандық тепловоздарды әлемдік нарыққа шығарумен қатар, отандық тепловоздарға арналған қажетті бөлшектерді де өндіруді қолға алды. Бүгінгі күні «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамының қызметкерлері тепловозға қажетті бөлшектердің 1500 түрін өздері шығарады. Осылайша, зауыт қызметіндегі қазақстандық мазмұн 34% құрап отыр.

Сондай-ақ, локомотив құрастырушылар болашақта ТЭП33А жолаушылар тепловозын құрастыруды көздеп отыр. Жаңа темір жол көлігінің техникалық сызбасы әзірленіп, қазақстандық мамандармен және «General Electric» сынды әлемдік компанияның жетекші инженерлерімен бекітілген. Отандық тепловоздық тартым «General Electric» лицензиясы бойынша өндіріліп жатқанын айтып өткен жөн.

Тізімге оралу