• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ ұзақ мерзімді шартқа қол қойды

«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ ұзақ мерзімді шартқа қол қойды 04.01.2017

«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ мен «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ арасында жолаушылар мен жүк тепловоздарын сатып алу туралы ұзақ мерзімді шартқа қол қойылуына байланысты, 2016 жылғы 30 желтоқсанда Акционерлердің жалпы жиналысы қызығушылық тудыратын ірі мәміле жасасу туралы шешім қабылдаған.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың еншілес ұйымы - «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Қазақстан Республикасындағы тепловоздарды негізгі сатып алушы болып табылады, локомотив паркін жаңарту оның бизнес-сегменттерінің бірі болып табылады. «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ General Electric (бұдан әрі - GE) компаниясының лицензиясы бойынша, Evolution® технологиясы базасында Астана қаласындағы «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, локомотив құрастыру зауытында өндірілетін ТЭП33А сериясындағы жолаушылар тепловоздарын және ТЭ33А (С) сериясындағы жүк тепловоздарын сатып алуды жоспарлайды.

Тізімге оралу