• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ресейдің жаңа нарықтарына теміржол машина жасау өнімдерімен шығуға ниет білдірді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ресейдің жаңа нарықтарына теміржол машина жасау өнімдерімен шығуға ниет білдірді 21.06.2012

Санкт-Петербург қаласында «ҚТЖ» ҰК»АҚ президенті Асқар Мамин мен «Трансмашхолдинг» ЖАҚ (ТМХ) директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Бокарев Қазақстанның көлік машина жасау өнімдеріне Ресей Федерациясының жаңа нарықтарын ашатын келісімге қол қойды.Тараптар «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес компаниясы – «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ –ның (ЛҚЗ) капиталына ресейлік «Трансмашхолдингтің» енуін жүзеге асырмақшы

Санкт-Петербург қаласында «ҚТЖ» ҰК»АҚ президенті Асқар Мамин мен «Трансмашхолдинг» ЖАҚ (ТМХ) директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Бокарев Қазақстанның көлік машина жасау өнімдеріне Ресей Федерациясының жаңа нарықтарын ашатын келісімге қол қойды.Тараптар «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес компаниясы – «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ –ның (ЛҚЗ) капиталына ресейлік «Трансмашхолдингтің» енуін жүзеге асырмақшы.

Келісімде көрсетілген талаптарды орындағаннан кейін 2012 жылдың желтоқсан айының аяғына дейін тараптар сату тәртібін, құрылымын және акция бағасын ұйғарады.

Қол қою рәсіміне Ресей Федерациясы Үкімет Төрағасы Дмитрий Медведев пен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қатысты.

Көлік машина жасау кәсіпорындарын іске қосып жатқан ҚТЖ өндіріс көлемі жағынан теміржол машина жасау саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын ТМХ-мен стратегиялық серіктестікті дамытуға мүдделі.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

«Трансмашхолдинг» ЖАҚ баспасөз қызметі

Тізімге оралу