• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Экспорттық келісім-шарт

Экспорттық келісім-шарт 18.01.2012

Қазақстанға «Тәжік темір жолдары» ГУП Президентінің ресми түрде келуі өткен жылдың аса ірі оқиғаларының бірі болып отыр

Қазақстанға «Тәжік темір жолдары» ГУП Президентінің ресми түрде келуі өткен жылдың аса ірі оқиғаларының бірі болып отыр.

Бұл келудің негізгі мақсаты ТЭ33А локомотивтерін сатып алу туралы мәселені талқылау болып белгіленді.

ХокуматуллоАманулло бастаған тәжік делегациясы алдымен Республиканың Оңтүстік астанасына барды, ол жерде Алматы қаласының депосында Қазақстанда өндірілген локомотивті әрекетте көре алды, сондай-ақ Evolution дайындаушы зауыт мәлімдеген барлық техникалық сипаттамаларды растайтынына өз көздерін жеткізді.

Одан әрі еліміздің қонақтары келу бағдарламасы бойынша Астанаға келді, Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-қа кіріп шықты.

- Мен шетелдерде өте жиі боламын, біздің саламыздың әр алуан өндірістерін көп мөлшерде көрдім. Алайда, егер шындыққа келсек, кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте осындай қазіргі заманға лайықты зауытты көрген емеспін. Осындай қазіргі заман жабдығын және технологиясын тек Еуропада немесе Штатта көруге болады деп, Хукуматулло мырза өз пікірімен бөлісті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компаниясының Президенті Асқар Ұзақпайұлы Маминмен кесдескен уақытта екі теміржол әкімшіліктері Президенттерінің арасында Қазақстан және Тәжікстан қаржы институттарының көмектерімен 6 қазақстандық локомотивтерін сатып алу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Істелінген жұмыстың нәтижесінде Тәжікстанға 6 ТЭ33А локомотивтерін жеткізуге ЛҚЗ бірінші экспорттық келісім–шартын жасауға қол жеткізді. Тажікстан астанасы Душанбе қаласында қараша айының 1–інде бұл келісім–шартқа қол қойылды. Тәжік темір жолдары үшін тепловоздарды жасау 2011 жылдың желтоқсанында басталып ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында аяқталады.

Локомотив құрастыру зауыты» АҚ техникалық даму жөніндегі директоры Виктор Перминов өз сөзінде:

– Бұл ретте «ЛҚЗ» АҚ мамандарымен алып бару және локомотив бригадаларын үйрету жүзеге асырылады. Сонымен, біз өз өнімімізді ғана ұсынып қоймай, біздің әріптестеріміз ТЭ33А–ның барлық артықшылығын толықтай түсінуге және қандай да бір мәселелер пайда болған жағдайда қолма–қол техникалық көмек алулары үшін техникалық қолдау көрсетеміз, деп хабарлады.  


Тізімге оралу