• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Қазақстандық локомотивтер Әзірбайжан темір жол паркін толықтыруда

Қазақстандық локомотивтер Әзірбайжан темір жол паркін толықтыруда 01.10.2015

«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ шығаратын ТЭЗЗА бесінші буынындағы «Evoiution» сериясының кезекті партиясы Бакуге жөнелтілуге дайын.

«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ шығаратын ТЭЗЗА бесінші буынындағы «Evoiution» сериясының кезекті партиясы Бакуге жөнелтілуге дайын.

«ЛҚЗ» АҚ вице-президенті Қанат Нұралының айтуынша, қазақстандық кәсіпорын мен Әзірбайжан темір жолының арасындағы келісім бойынша зауыт айына екі локомотивті Бакуге жіберуді міндетіне алып отыр.

«Келісім 2016 жылдың аяғына дейін жасалған. Алғашқы локомотивтер тамыз айында жіберілген болатын. Бакуге барлығы он локомотив жібермекпіз»,-дейді Қ. Нұралы.

Аталмыш келісім «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Әзірбайжан темір жолы арасында көліктік машина жасаудың жоғары қарқында жүзеге асырылып жатқандығын көрсетеді.

Әзірбайжан темір жолының басшысы Д. Гурбанов «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ымен арадағы стратегиялық байланыстың алда бұдан әрі өрістей түсетіндігіне сенімді.

«ЛҚЗ» «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты аясында қазақстандық темір жол көлігі машиналарын экспортқа шығаруды өсіре түскен. Қазіргі таңда қазақстандық локомотивтер Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Түркіменстан темір жолдарында жүйткіп жүр.

Тізімге оралу