• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Қазақстандық локомотивтер енді жолаушылар тасымалдауға арналады

22.10.2012

Берлин қаласында өткен Иннотранс 2012 теміржол техникасының халықаралық көрмесінде өткізілген іс-шаралар шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ және GE компаниялары арасында ТЭП33А атауына ие болған жолаушы локомотиві өндірісінің технологиясын табыс ету жөніндегі келісімге қол қойылған болатын

Берлин қаласында өткен Иннотранс 2012 теміржол техникасының халықаралық көрмесінде өткізілген іс-шаралар шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ және GE компаниялары арасында ТЭП33А атауына ие болған жолаушы локомотиві өндірісінің технологиясын табыс ету жөніндегі келісімге қол қойылған болатын.

Өндіріске жоспарланған локомотивте жүк машинасынан алынған барлық үзік жетістіктер қолданылатын болады. Жаңа тепловоз қазіргі уақытта пайдалануда жүрген жүк машинасымен барынша үйлестірілген. Бұл, бірінші кезекте, локомотив құрылымының үстіңгі бөлігінің күш беретін қондырғысы мен құрамдастарына қатысты, яғни, бөліктері, кабиналары ТЭ33А ұқсас үйлестікпен пайдаланылады.

Негізгі өзгерістер локомотивті сертификаттау бойынша талаптардың сәйкестігіне бағытталған, сондай-ақ тапсырыс берушінің жолаушы машинасын бір тұлғада пайдалану мүмкіндігін қарастыру есебімен, машинистің жұмысын жеңілдететін қосымша құрылғылар енгізілетін болады. Бұдан басқа, тартым электроқозғалтқышын тіректі-біліктіктен тіректі-қаңқалыға асып ілу жүйесі ауыстырылатын болады. Құрылмадағы аталған өзгеріс техникалық тапсырмамен қарастырылған локомотивтің құрылмалық жылдамдығын 160 шақырым/сағ дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Технология ерекшелігіне орай, жылдамдықты ұлғайту қажеттілігі туындаған жағдайда, бұны локомотивтің құрылмасына өзгеріс енгізумен байланысты қандай да болмасын қосымша көлемді жұмыстар атқарусыз жүргізуге болады. Яғни 160 шақырым/сағ. - ол шектелген көрсеткіш емес.

ТЭП33А өнідірісіне кірісу 2014 жылға жоспарланған.

Қазіргі кезде «Локомотив» АҚ тарапынан осы машиналардың 110 бірлігіне тапсырыс берілген. Егер жаңа өнімнің экспорттық әлеуетін айтатын болсақ, онда жүк тепловозы сияқты ТЭП33А бүкіл «1520 кеңістігінің» аумағында пайдалану үшін арналған. Кең табанды темір жол елдеріндегі жылжымалы құрамның тозуының жоғары пайызын, сондай-ақ ҚР өндірілетін локомотивтердің жоғары техникалық көрсеткіштерін ескере отырып, мамандар жаңа машинаның экспортық келешегіне өте жоғары деген баға береді.


Тізімге оралу