• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Қазақстандық тепловоз Украинада!

Қазақстандық тепловоз Украинада! 12.10.2013

2013 жылғы қазанның 11-інде «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ мен Украинаның «Ивано –Франковскцемент» кәсіпорны арасында ТЭЗЗА тепловозын қабылдап алу Актісіне қол қойылды.

2013 жылғы қазанның 11-інде «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ мен Украинаның «Ивано –Франковскцемент» кәсіпорны арасында ТЭЗЗА тепловозын қабылдап алу Актісіне қол қойылды.
Жол жүру нөмірі 0249 ТЭЗЗА тепловозы қазанның 14-інде қазақстандық және украиндық локомотив бригадасы басқаруымен «ЛҚЗ» АҚ аумағынан сапарға шығады. Қазақстандық локомотивті сатып алу туралы келісім биылғы мамырдың 30-ында жасалған болатын. ТЭЗЗА тепловозын Алматы мен Сарыөзек арасында технологиялық сынақтан өткізген сатып алушыларға жаңа өнімнің техникалық параметрлері қатты ұнады. Украина аумағында қазақстандық тепловозды сынау және сертификаттау жайын «Иваново- Франковскцемент» кәсіпорны мен «Харков темір жол көлігін сертификаттау орталығы» жүзеге асырады. «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ өз тарапынан барлық техникалық құжаттарды және сертификаттаудан өтетін сынақтардың бәрін жасады. Сертификаттанған толыққанды құжаттары Украина аумағына жеткенше жасалып болады.
Техникалық тапсырысқа орай Қазақстан аумағында жүрген тепловоздарға қарағанда украиндық тепловоздың айырмасы тек бояуының түсіне ғана қатысты. «Иваново- Франковскцемент» кәсіпорны 1998 жылы құрылған. Украинаның құрылыс материалдарын шығаратын ірі кәсіпорындарының бірінен саналады. Зауыттан 300-ден астам өнім түрлері шығарылады. 2013 жылы зауыт мамандары өздерінің жылжымалы құрамын жаңғыртуды ойластырған кезде, таңдау қазақстандық тепловозға түсті.
«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ төрт жылда 240 дана соңғы үлгідегі сапалы заманауи тепловоздарды шығарды.
Бұған дейін 2012 жылы «ЛҚЗ» АҚ тепловоздар партиясын «Рохи Охани Точикистон» МБК сатып алған болатын.

Тізімге оралу