• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Индустрияландыру іс жүзінде

Индустрияландыру іс жүзінде 19.11.2012

Қарашаның 15-інде «ХДП» НұрОтан» «Жас Отан» жастар қанаты екінші съезінің делегаттары отандық темір жол машина жасау саласының алғашқы қарлығашы - «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ мәжіліс залында ҚР Премьер-министр орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті, Ұлттық компаниядағы бастауыш партия ұйымының төрағасы Асхат Акчурин...

Қарашаның 15-інде «ХДП» НұрОтан» «Жас Отан» жастар қанаты екінші съезінің делегаттары отандық темір жол машина жасау саласының алғашқы қарлығашы - «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ мәжіліс залында ҚР Премьер-министр орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті, Ұлттық компаниядағы бастауыш партия ұйымының төрағасы Асхат Акчуринмен кездесті.

«Бұл кездесу орнын таңдау кездейсоқтықтан емес,- деп атап өтті Әсет Есекешов, -Қазақстанның индустриялдық инновациялық әлеуетін жүзеге асыру - «Нұр Отан» ХДП және мемлекеттік органдардың басым бағыттарының бірі. Бұл мақсатта жастарға үлкен назар аударылып отыр».

Кездесу барысында ҚР Президентінің «Жалпы еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы және «Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылдарға дейінгі стратегиялық жобасы талқыланды.

Кездесуді ұйымдастырушылар жастар съезі делегаттарының барлық сұрақтарына тыңғылықты жауап берді.

Асхат Акчурин өз сөзінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен еншілес кәсіпорындарындағы Жастар саясатының негізгі бағыттары туралы әңгімеледі. Бүгінде еліміздегі ең ірі жұмыс беруші болып табылатын «Қазақстан темір жолы» аға ұрпақ өкілдерінің іс тәжірибесін жалғастыра отырып бастамашылықты қолға ала бастады. Асхат Харисұлының айтуынша, жастар саясаты жылма-жыл жетілдіріліп отырады. Тұрақты түрде тың жобалар мен идеялар, жас кадрлардың біліктілігін көтеру жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда 30 жасқа дейінгі жас мамандардың пайыздық деңгейі өсіп келеді.

Кездесуге қатысушылар «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ының өндірістік цехтарын аралады. Делегаттар соңғы үлгідегі әлемдік талаптарға сай локомотивтерінің құрастырылуын және болашағы туралы көзбен көріп танысты. Кәсіпорын президенті Марат Тілеубаев Қазақстандағы тұңғыш локомотив құрастыру зауытының алдында тұрған негізгі міндеттері туралы әңгімеледі.


Тізімге оралу