• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Қырғыз темір жолдары қазақстандық өндірістің тепловоздарын сатып алуда

Қырғыз темір жолдары қазақстандық өндірістің тепловоздарын сатып алуда 09.07.2012

Ағымдағы жылдың 2 шілдесінде Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Омурбек Бабановтың Астана қаласына ресми сапары аясында Астанада өндірілетін ТЭ33А сериялы тепловоздарын жеткізу туралы келісімге қол қойылды

 Ағымдағы жылдың 2 шілдесінде Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Омурбек Бабановтың Астана қаласына ресми сапары аясында Астанада өндірілетін ТЭ33А сериялы тепловоздарын жеткізу туралы келісімге қол қойылды. Келісім шартқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен «Кыргызтемиржолу» ҰК бас директоры Арғынбек Малабаев қолдарын қойды.

Бүгінгі күнде КИИД МБ жүзеге асыру аясында 2009 жылдың шілде айында ашылған «ЛҚЗ» АҚ ауыр темір жол машина жасау саласындағы ең бір ірі кәсіпорын болып табылады, мемлекеттік маңызы бар стратегиялық кәсіпорын, еліміздің отыз корпоративтік лидерлер қатарына енеді және Республиканың машина жасау саласында «мақтаныш» атағы құқығына ие.

ТЭ33А өндіруде қазақстандық қамтылымды арттырумен бірге кәсіпорын мамандарымен отандық өнімді ТМД елдері мен Балтия нарығына шығару бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. «РохиоханиТочикистон» (Тәжікстан темір жолдарымен) 2011 жылдың соңында 6 локомотивті сатып алуға жасасқан келісім-шарт «1520 кеңістігі» болат магистралына қазақстандық тепловоздың шығуы үшін бастама болды.

Қырғыз жағы ең бірінші болып ТЭ33А сатып алуға қызығушылық білдірді. 2011 жылы қырғыз делегациясы Бірінші локомотив құрастырушы Қазақстанға келген уақытта қырғыз делегациясы тепловоздың өдірістік процесімен және техникалық сипаттамаларымен егжей-тегжейлі таныстырылған. Арғынбек Малабаевтың айтуы бойынша, Сочи қаласында өткен «1520 стратегиялық әріптестік» VII халықаралық темір жол алқалы жиыны барысында, «РохиоханиТочикистон» директоры АмануллоХукуматулло сатып алынған қазақстандық локомотивтердің жоғары сапасын, техникалық көрсеткіштерін және үнемділігін толығымен растады. Ағымдағы жылдың 11 шілдесінде Қызғызстан темір жол әкімшілігі Басшысының Астана қаласына сапары кезінде «ЛҚЗ» АҚ-тан ТЭ33А 5 бірлігін сатып алу туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді. Осы мәмілені реттеуге қажетті барлық қаржы және заң мәселелері ең қысқа мерзім ішінде шешілді.

Бүгінгі күнде пайдалану мерзімі бойынша МК «Кыргызтемиржолу» ҰК жылжымалы құрам паркінің тозуы 90%-дан артық шаманы құрайды. Қызғызстан темір жолдары соңғы бірнеше жыл ішінде өзінің инфрақұрылымын үдемелі дамытуда.

Кәсіпорынның табыстылығы қомақты ұлғайды, сыртқы қарызы азайды, жолаушылар және жүк тасымалының деңгейі артты. Бірақ 2002-2012 жж. аралығында локомотив паркін жаңарту жүргізілмеген және 2012 жылы ТЭ33А 5 бірлігін сатып алу - жүк тасымалдау көлемін, сапасын және табыстылығын елеулі арттыруы сөзсіз.


Тізімге оралу