• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Индустрияландыру локомотиві

Индустрияландыру локомотиві 07.03.2013

8 наурыз Халықаралық Әйелдер күні мерекесі қарсаңында құрамында 180 маман әйелдер қызмет ететін «ЛҚЗ» АҚ 0200 нөмірлі локомотивті конвейерден шығарды

8 наурыз Халықаралық Әйелдер күні мерекесі қарсаңында құрамында 180 маман әйелдер қызмет ететін «ЛҚЗ» АҚ 0200 нөмірлі локомотивті конвейерден шығарды.

«ЛҚЗ» АҚ кәсіпорнының ашылғанына үш жарым жыл болды. Осы уақыт аралығында кәсіпорын ҮИИДБ аясында қазақстандық локомотивті шығара бастады. Республиканың мақтаулысы Қазақстан аумағында әлемдік талапқа сай жоғары технологиялық тепловозды құрастыруды меңгерді. Кеңес елдері кеңістігінде баламасыз техниканың экономикалық тиімділігі жоғары. Тепловоздың сапасына Мемлекет басшысы, өндіріс жетекшілері, депутаттар, Қазақстан теміржолшылары, шетелдік серіктестер, Ресей, АҚШ, Германия, Швеция, Эфиопия, Тәжікстан, Қырғызстан, Эстония мамандары жоғары баға берді.

Қазақстандың тепловоз құрастыру зауытында болғандардың барлығы оның соңғы үлгідегі ТЭ33А желісіне, 43 мың шаршы метрлік аумағына, 1300-ден астам Швейцария, Германия, Италия, Словакия станоктарына тәнті болады. Бұл құрылғылар қалыңдығы 1мм-ден 20см-ге дейінгі металды нанша турайды. Бұл техниканың көмегімен ТЭ33А ғана емес, 2012 жылы ашылған жаңа электровоз зауытының да құрал-жабдықтарын дайындап береді. Жаңа кәсіпорын ЛҚЗ –на электровоздың 1500 нұсқалық бөлшегін дайындауға тапсырыс берілді. Бүгінгі таңда кәсіпорын күшімен жылына 8-10 дана тепловоз шығарылса, ЛҚЗ бөлшектердің 11 мыңнан астам түрін жасап шығарады.

- Наурыздың 6-сында нөмірі 0200 ТЭЗЗА тепловозы сынақтан өткізілді. Ол Қызылорда локомотив депосына жіберілді. Бұл алғашқы лектегі локомотивтерден едәуір сапалы. Мәселен 2011 жылы шығарылған №0100-ге қарағанда қазақстандық үлесі көбейді. Барлық бөлшектерінің 76 пайызы қазақстандық өнімге негізделген. Тежегіш жүйесіне қосымша ауа резервуары орнатылған. Оған қоса локомотив тіркемесі, доңғалақ жұбы, доңғалақ мотор блогын жасау арқылы ТЭ33А құны 50% дейін төмендеді,- дейді «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ өндіріс жөніндегі директоры Төлеген Жаңабаев.

Соңғы кездері кәсіпорында цехтардың сапалық көрсеткішін арттыру мақсатында рейтингілік байқау жүйесі жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде еңбеккерлердің сапалық көрсеткіші орташа есеппен 15%-ға көтерілді.

Тізімге оралу