• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

№4 цехтың шебері «Нұр Отан» ХДП-ның қалалық конференциясында баяндама жасады

21.03.2012

«Нұр Отан» Халық-Демократиялық Партиясының кезектен тыс 16-ншы қалалық конференциясы «Қазақстан» Орталық концерт залында 13-інші наурызда болып өтті

«Нұр Отан» Халық-Демократиялық Партиясының кезектен тыс 16-ншы қалалық конференциясы «Қазақстан» Орталық концерт залында 13-інші наурызда болып өтті.

Конференция жұмысында алғашқы партиялық ұйымдардың делегаттары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары - Толеген Мухамеджанов, Владимир Редкокашин, Гульжана Карагусова, Оразкуль Асангазы, Светлана Бычкова, Бакытжан Ертаев, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, министрліктер мен ведостволардың жауапты қызметкерлері, Астана қаласы аудандарының әкімдері, «Нұр Отан» Халық-Демократиялық Партиясының Астанадағы қалалық филиалы саяси алқа мүшелері, Астана қаласы мәслихатының хатшысы мен депутаттары, жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық алқа мүшелері, партиялық бақылау комиссиялары, партияның қалалық, аудандық, аумақтық филиалдарының бақылау-тексеру комиссиялары қатысты. Конференция Астана қаласының Әкімі Имангали Тасмагамбетовтың төрағалығымен өтті.

Комиссияның кезекте тұрған күн тәртібіне маңыздылығы өте жоғары бірнеше мәселелер талқылауға енгізілді, мәселен, басқа қызметтерге ауыстырылуларына байланысты Астана қаласының «НұрОтан» ХДП филиалы алқасының бірнеше мүшелерін босату туралы, сондай-ақ Алқа мүшелерінің босаған орындарына кандидатураларды бекіту туралы мәселелер; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Әлеуметтік-экономикалық жетілдіру – Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдамасының негізгі қағидаларын жүзеге асыру бойынша Астанадағы «НұрОтан» ХДП қалалық филиалының міндеттерін талқылау.

Имангали Тасмагамбетов негізгі мәселелер бойынша шешiм қабылдаудан кейiн сөз сөйлеуге тілек білдіргендердің барлығына уақыт берді. Баяндамашылар арасында «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ локомотив платформасын дайындау цехының шебері Денис Чумаковтың сөйлеген сөзі ең бір жарқын болып табылды. Денис өз баяндамасында Қазақстан Дамуының Күшейтілген Индустриялық-Инновациялық Мемлекеттiк бағдарламасының қабылдануы оның өміріне қалай әсер еткені туралы, ол өз елінің болашағын қалай көретіні жайлы, оның «НұрОтан» ХДП қатарына кіруіне не түрткі болғаны туралы айтып берді. Сондай-ақ Қазақстанның жастарына өндірісте қажетті және экономиканың нақты секторын дамытуға көмектесетін білімді және іскерлікті менгеріп алуларына өтініш білдірді.


Тізімге оралу