• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Экономикалық даму және сауда министрі «ЛҚЗ» АҚ келіп қайтты

Экономикалық даму және сауда министрі «ЛҚЗ» АҚ келіп қайтты 24.10.2012

18 қазанда индустриалдық парктермен танысу шеңберінде Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ келіп қайтты. «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Ұлттық компанияның индустриалдық-инновациялық дамуға қосқан үлесі, теміржол саласының ашылған түбегейлі жаңа өндірістері, құрылған мыңдаған жұмыс орындары жөнінде толық әңгімелеп берді

18 қазанда индустриалдық парктермен танысу шеңберінде Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ келіп қайтты.

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Ұлттық компанияның индустриалдық-инновациялық дамуға қосқан үлесі, теміржол саласының ашылған түбегейлі жаңа өндірістері, құрылған мыңдаған жұмыс орындары жөнінде толық әңгімелеп берді.

Сапар барысында Досаев мырза «ЛҚЗ» АҚ дамуының алдағы уақыттағы қысқа- және ұзақмерзімді жоспарларымен, өндірістің егжей-тегжейімен, жаңа жабдықтардың ерекшелігімен, техникалық сипаттамалары және қазіргі қазақстандық тепловоздардың артықшылықтарымен толық таныстырылды. Локомотивтерді толық құрастыру және сынау цехында Экономикалық даму және сауда министрлігінің басшысына «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральді жолдарына шығу кезегін күтіп тұрған 4 дайын ТЭ33А тепловоздары көрсетілді.

Ашылған уақыттан бері отандық локомотив құрастыру зауытының конвейерлік желісінен 160 бірліктен астам жүк магистральді локомотиві шығарылды. Әр тепловоз бойынша 11 000 бөлшек атауы игерілді. 2014 жылдан бастап зауыттықтар ТЭП33А жаңа жолаушы локомотивтерін шығаруға кіріспекші. Бұдан басқа қазақстандық өнімге шетелдік теміржол әкімшіліктерінің және жеке жылжымалы құрам ұстаушылардың қызығушылығы артуда, бұл отандық локомотивтердің сапалылығы мен экономикалық тиімділігімен негізделген. 


Тізімге оралу