• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

NCI - ҚР компанияларының жаңа даму кезені

NCI - ҚР компанияларының жаңа даму кезені 30.05.2012

Бүгінгі күнде «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ қызметкерлерінің алдында тұрған басымдық міндет бұрынғыша ТЭ33А локомотивтің шығарылымында қазақстандық қамтылымды арттыру болып табылады

Бүгінгі күнде «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ қызметкерлерінің алдында тұрған басымдық міндет бұрынғыша ТЭ33А локомотивтің шығарылымында қазақстандық қамтылымды арттыру болып табылады. Бірақ, жай ғана оқшаулау пайызын арттыру жеткіліксіз. Отандық тауар өндiрушiлерiмен шығарылған компоненттер сапа межесіне сәйкес келуi және американдық аналогтерге ешқандай жол бермеуi қажет. Атап айтқанда, осы мақсатқа қол жеткізу үшін «GeneralElectric» конценерн тәжірибесінде әлеуетті жеткізушілер тауарларының сапа межесіне сәйкестігін бағалайтын «NCI» жүйесі көзделген.

28 мамыр күні «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамында техникалық даму жөніндегі директор В. Перминовтың төрағалығымен қазақстандық өндірушілерімен кездесу өтіп, онда жиналғандарға «GE» мамандарымен «NCI» жүйесі таныстырылды. Жалпы алғанда, зауытқа Бірінші Локомотив құрастыру зауытының жұмысына, сондай-ақ әлемдік нарыққа өз өнімін шығару үшін қызығушылық білдірген 14 қазақстандық компания басшылары келді. Өйткені, осы мақұлдау процедураны өтудiң негiзгi артықшылығының бірі ретінде, тауар өндiрушi осыдан кейiн дүние жүзi бойынша американдық концерннiң барлық кәсiпорындары үшін GeneralElectricTransportaition басты компания-жеткізушілерінің тiзiмiне енгiзiлген болып табылады, ал олар 4 құрлықта 5-тен артық.

Қазіргі уақытта, аталған зауытпен ынтымақтастық орнатқан үш қазақстандық компания АЗТМ, SATGlass, ТЖ-қосалқы бөлшек, бұл рәсімнің белгілі бір кезеңінде сын тезіне салынып, американдық «General Elektric» технологиясы бойынша мұқият тексерілуден өтуін жалғастыруда.


Тізімге оралу