• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Жаңа модификация - жаңа нарыққа шығудың кілті

Жаңа модификация - жаңа нарыққа шығудың кілті 05.04.2013

ТЭ33АС (сертификатталған) 0001 жол нөмірін алған, жаңа модификациялық  тепловоз 5 сәуірде сертификаттау сынағының екінші кезеңін өту үшін Ресей Федерациясына жіберілді. Бүгінгі таңда  Ресей сәйкестіктік сертификатын алу - «1520 кеңістігіндегі» көптеген мемлекеттердің территориясында Қазақстан тепловозын жүзеге асырудың  қажетті шарты болып табылады.

ТЭ33АС (сертификатталған) 0001 жол нөмірін алған, жаңа модификациялық  тепловоз 5 сәуірде сертификаттау сынағының екінші кезеңін өту үшін Ресей Федерациясына жіберілді.

Бүгінгі таңда  Ресей сәйкестіктік сертификатын алу - «1520 кеңістігіндегі» көптеген мемлекеттердің территориясында Қазақстан тепловозын жүзеге асырудың  қажетті шарты болып табылады.  Сондықтан 2011 жылғы тамыз айында Федералдық теміржол көлігіндегі  Ресей сертификаттаудың регистрі және «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ арасында ТЭ33А сертификаттау бойынша келесім шарт жасалды.

Сол жылдың тамыз айында Астана қаласының Индустриялды паркінде  орналасқан өндіруші зауыттан Мәскеу жанындағы Коломна қаласына сертификаттау сынақтарының бірінші кезеңін өту үшін ТЭ33А № 0080 тепловозы жөнелтілді. Бұл удеріске ВНИИКТИ, ВНИИЖГ, ВЭлНИИ, ВНИАС сияқты  РФ  теміржол көлігінің әртүрлі ірі  инстуттары шақырылды.  Сынақтың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша Ресей тарапынан бірнеше ескертулер болды. Ресей регистрінің барлық ескертулер ескеріліп, кәсіпорынның жұмысшылары айына ескі модификацияның 8-12 дана  ТЭ33А  қуаты жүзеге асыра отырып,  жаңа  сызбаларды және техникалық үдерістерді дайындаумен бірге  жаңа модификацияланған  локомотивті өндіруге кірісті.

Бірінші: радиобелгілердің жиілігін жақсартуға бағытталған электромагниттік сәулеленудің параметрлерін өзгерту. Оған локомотивтің кейбір сымдарын құрышпен қаптау, арнайы қораппен барлық сыртқы сымдарды жабу жатады.  Зауыт территориясында  ВЭлНИИ мамандары қатысуымен валидациялық сынақтарды өткізгеннен кейін, қауіпсіздік нормаларының талаптарына толығымен сәйкестіктің көрсеткіштеріне қол жеткізілді.   

Екінші:   шығу газдары температурасының төмендеуі.

Үшінші: жинағыш бетінің температурасының  төмендеуі.

Төртінші: тоқ тізбегінің қысқа  тұйықталған кезінде дабылдың болмауы.

Сонымен бірге локомотив кабиналарының эргономикалық көрсеткіштері өзгертілді. Мысалы, Машинистің екі кабиналары 15 см – ге ұзарды, тіке қарсы және бүйір шынылары, машинистардың креслолары, сонымен қатар төбенің, еденнің қаптаулары, жылу – дыбыс – шу оқшаулағыш материалдары  өртке тұрақты матералдарға ауыстырылды.

«ЛКЗ»  АҚ  тарапынан барлық ескертулер ескерілді, наурыздың төртінде жол нөмірімен  ТЭ33АС (сертификатталған) 0001 локомотиві 5 мың километрлік  Павлодар-Аягөз-Семей учаскісіне  жүргізіп жаттықтыруға жіберілді.  Бүгін бұл көлік Коломна қаласына сертификаттау сынақтарының екінші кезеңін өтуге жөнелтілді. Ресей сәйкестік сертификатын «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ның мамандары 2013 жылғы үшінші тоқсанында алуын болжап отыр. 


Тізімге оралу