• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың «Көліктегі технологиялар орталығы» филиалы арасындағы ынтымақтастық туралы

«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың «Көліктегі технологиялар орталығы» филиалы арасындағы ынтымақтастық туралы 21.02.2013

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың «Көліктегі технологиялар орталығы» филиалы ашылған күннен бастап «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-пен әріптестік ынтымақтастығы басталды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялары тобының қызметкерлері Орталыққа кәсіптік оқудан өтуге және біліктіліктерін арттыруға келеді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың «Көліктегі технологиялар орталығы» филиалы ашылған күннен бастап «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-пен әріптестік ынтымақтастығы басталды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялары тобының қызметкерлері Орталыққа кәсіптік оқудан өтуге және біліктіліктерін арттыруға келеді.

«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-тың басшылары мен қызметкерлері оқу процесін ұйымдастыру мен жүргізуде қомақты көмек пен қолдау көрсетуде.

Салалық колледждердің локомотив шаруашылығы мамандықтары бойынша тындаушылары мен студенттеріне оқыту бағдарламасы аясында, жаңа буынды тепловоздарды шығаратын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорынға баруға және отандық машина жасаудың жаңа технологияларымен танысуға мүмкіндік жасалады.

Кәсіпорынның жоғары технологиялы жабдықтарын, оның қуатын нақты көруге, кәсіпорында шығарылатын өнімнің сапасына жоғары бақылау жүргізілетініне көз жеткізуге болады.

Локомотив құрастыру зауытына келушілерге қазақстанда өндірілген тепловоздардың артықшылығы жан-жақты түсіндіріледі, сонымен қатар инженер-техникалық қызметкерлерге сұрақ қоюға және толық жауап пен кеңес алуға мүмкіншілік жасалған.

Зауыттың мұнан ары дамуы, сонымен қатар бүгінгі күнге қажетті жолаушылар тепловоздарын шығару және қазақстандық локомотивтердің эксперттік болашағы туралы сұрақтар жиі қойылады.

«Локомотив кұрастыру зауыты» АҚ-қа былтырғы жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін, «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялары тобының қызметкерлері қатарынан 700-ден артық тындаушылар және Орталыққа Астана, Алматы, Тараз қалаларынан дуалдық жүйе бойынша тәжірибелік оқуға жіберілген 300-ге жуық салалық колледждердің студенттері келіп кетті.

«Локомотив кұрастыру зауыты» АҚ-тың басшылығы Орталықта өткізілетін оқу процесіне инженер-техникалық қызметкерлерді тарту бөлігінде, яғни «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялары тобының қызметкерлері-тындаушылары мен салалық колледждердің студенттерін мамандық бойынша тәжірибелік дағдыға үйретуде тәжірибелік көмек көрсетеді.

Сонымен, корпоративтік білім беру мен өндірістік кәсіпорынның нақты өзара тиімді әріптестігі жүзеге асырылуда, бұл «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялары тобы қызметкерлерінің біліктілік деңгейін және теміржол көлігі үшін мамандарды дайындау сапасын арттыруға ықпалын тигізеді.

- Біздің Орталықтағы курстардың тындаушылары үшін отандық машина жасау саласының мақтанышы - «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-қа келу қызықты да тағылым-тәрбие аларлықтай. Олар, кәсіпорында ТЭ33А тепловоздарының бұрауышты құрастыруы ғана емес, сондай-ақ қомақты мөлшерде бөлшектердің өндірілетіне көз жеткізуге мүмкіндік алады, - деп бөлісті Орталықтың өндірістік оқыту шебері Болат Төлекпаев өз пікірімен.


Тізімге оралу