• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

«ЛҚЗ» АҚ-тың 2012 жылға өндіріс жоспары

«ЛҚЗ» АҚ-тың 2012 жылға өндіріс жоспары 05.12.2012

Ағымдағы жылдың өндіріс жоспары жүк локомотивтерінің 76 (жетпіс алты) бірлігін құрайды, соның ішінде 6 (алтауы) экспортқа арналған. Өнімділік көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 8 (сегіз) машинаға өсті

Ағымдағы жылдың өндіріс жоспары жүк локомотивтерінің 76 (жетпіс алты) бірлігін құрайды, соның ішінде 6 (алтауы) экспортқа арналған. Өнімділік көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 8 (сегіз) машинаға өсті. Экспорттық партияның 2 (екі) локомотиві тәжік темір жолдарына әлдеқашан жөнелтілген, 4 (төрт) машина жөнелтуді күтуде, оның 2 (екеуі) «РохиоханиТочикистон» атына, 2 (екеуі) – «Кыргызтемиржолу» атына жіберілетін болады. Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап кәсіпорын толық қуатына көшті – айына 8 (сегіз) локомотив, ағымдағы жылдық қараша айында Алғашқы локомотив құрастыру кәсіпорынның конвейер тізбегінен дайын 12 (он екі) тепловоз шықты, оларды «Локомотив» АҚ-тың және шетелдік серіктестердің атына түпкілікті беру 2012 жылғы желтоқсанның соңына дейін жүргізіледі.

2014 жылдан бастап «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-тың қызметкерлері жолаушылар локомотивін өндіруге кіріседі. ҚР 4 ірі машина жасау кәсіпорындары - «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Тұлпар-Talgo» БК, «Электровоз құрастыру зауыты» БК, жүк таситын жартылай вагон өндіретін Екібастұз зауыты – Қазақстан құрыш магистралын 2020 жылға дейін әлемнің әбден дамыған темір жолдарының қатарына, ал Республиканың темір жол кәсірпорынын аймақтың барлық аумағында озаттар қатарына шығаруға мүмкіндік береді. 


Тізімге оралу