• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Қазақстаннан Эстонияға тепловоз экспорттау жөніндегі шартқа қол қойылды

Қазақстаннан Эстонияға тепловоз экспорттау жөніндегі шартқа қол қойылды 23.05.2013

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен эстондық «AS Vopak E.O.S. Ltd.» компаниясы Қазақстанда жасалған ТЭ33 А 15 тепловозын сатып алу туралы шартқа қол қойды.
«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ жасап шығарған 15 локомотивті жеткізу туралы шартқа салтанатты қол қою рәсімі Астанадағы ҚТЖ-ның орталық ғимаратында өтті.Қазақстан тарапынан құжатқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті Асқар Мамин, эсондық тараптан AS Vopak E.O.S. Ltd. Басқарма Төрағасы ...

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен эстондық «AS Vopak E.O.S. Ltd.» компаниясы Қазақстанда жасалған ТЭ33 А 15 тепловозын сатып алу туралы шартқа қол қойды.
«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ жасап шығарған 15 локомотивті жеткізу туралы шартқа салтанатты қол қою рәсімі Астанадағы ҚТЖ-ның орталық ғимаратында өтті.Қазақстан тарапынан құжатқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті Асқар Мамин, эсондық тараптан AS Vopak E.O.S. Ltd. Басқарма Төрағасы Арнаут Лугтмейер қол қойды. Рәсімге Эстония Республикасы Экономика және коммуникация министрі Юхан Партс пен General Electric Transportation Президенті Лорензо Симонелли қатысты.
Юхан Партс екіжақтық ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, байланысты одан әрі нығайту мен екі ел арасындағы өзара әрекеттесу аясын кеңейтуге деген талпынысын білдірді.
Асқар Мамин Эстонияның Қазақстан үшін сауда-экономикалық қарым-қатынаста маңызды серіктесі әрі бүгінгі қол қою рәсімі жемісті ынтымақтастықтың айқын көрінісі екенін атап өтті.
«ЛҚЗ» АҚ Балтиядағы терминалдардың ең ірі тәуелсіз операторы AS Vopak E.O.S. Ltd компаниясымен келіссөз жүргізуді 2010 жылы бастаған.
2011 жылдың желтоқсан айында Қазақстан ТЭ33А №0080 тепловозын Эстония Республикасының темір жол полигондарында эксплуатациялық сынау үшін жалға берді.
Сынақ нәтижесінде, өзге елдердің шығарған бәсекеге қабілетті модельдерінің техникалық сипаттамаларының сараптамасынан кейін, эстондық тарап Қазақстанда жасалған локомотивтерге тоқталды.

ЛҚЗ баспасөз қызметі


Тізімге оралу