• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Мемлекет Басының халыққа жолдаған жолдауы - еліміздің әл-ауқаттылыққа жылжу бағдарламасы

Мемлекет Басының халыққа жолдаған жолдауы - еліміздің әл-ауқаттылыққа жылжу бағдарламасы 01.02.2012

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Әлеуметтік-экономикалық жетілдіру – Қазақстан дамуының негізгі бағыты» Жолдауын талқылау бойынша Астана қаласының Әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың төрағалығымен қала активтерінің кездесуі 30 қаңтарда, күннің екінші жартысында болып өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Әлеуметтік-экономикалық жетілдіру – Қазақстан дамуының негізгі бағыты» Жолдауын талқылау бойынша Астана қаласының Әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың төрағалығымен қала активтерінің кездесуі 30 қаңтарда, күннің екінші жартысында болып өтті.

Астана Әкімі Иманғали Тасмағамбетов талқылауға бағыт берген алғы сөзінде: «Осы Жолдау – ерекше, мұнда Мемлекет Басы экономиканы күшейту, халықтың әл-ауқаттылығын жақсарту бойынша жаңа міндеттерді қоятын қазақстандық бағыттың жаңа кезеңі басталғанын атап өтті», - деп айрықша айтты. 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдаудың «Әлеуметтік-экономикалық жетілдіру – Қазақстан дамуының негізгі бағыты» атының өзі - Мемлекет саясатының негізгі мақсаты не деген сұраққа жауап береді (Астана қаласы әкімшілігінің пресс–клубы).

Жалпы алғанда қоғамдық-саясаттық әрекеттің әртүрлі салаларының 7 өкілдері пікір-таласқа қатысты, олардың арасында Ұлттық ғылыми-медициналық орталықтың директоры; Астана қаласының мәслихат депутаты Абай Байгенжин; Қазақ қоғамдық-құқықтық университетінің ректоры Марат Коғамов; Астана қаласы әкімшілігінің ақпараттық технология бөлімінің меңгерушісі Дәулет Садықов; «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ Президенті Марат Тлеубаев. Сөйлегендердің барлығы Мемлекет Басының Қазақстан халқына 27 қаңтарда жарияланған Жолдауына жоғары баға берді және қатысушыларды өз салаларындағы соңғы әзірлеулермен таныстырды, мәселелерді шешу жодарын ұсынды, болашақтағы жоспарларымен бөлісті.

«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ Президенті Марат Тлеубаев өз сөзінде Мемлекет Басының идеяларын жүзеге асыру барысында Қазақстан бүгінде қоғамдық дамудың барлық саласында теңдессіз табыстарға қол жеткізгенін атап өтті. «Еліміздің Президенті Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаған Жолдауы — біздің еліміздің өркендеуіне және әл—ауқаттылыққа ілгерілемелі жылжу бағдарламасы болып табылады. Елбасы жыл сайын жаңа нақты міндеттерді Үкімет алдына ғана емес, қазақстандық әрбір адамның алдына да қояды, бұл ауқымдылығымен, өзектілігімен және болжағыштылығымен әсер етпеуі мүмкін емес міндеттер» — деп атап өтті.

Сонымен қатар, Марат Тлеубаев бүгінгі күнде «ЛҚЗ» АҚ-тың ең басым мәселелері мен міндеттері туралы айтып берді. Жас кәсіпорынның 2,5 жыл ішінде қол жеткізген жақсы нәтижелерін атап өтті. Ұлт Басшысына локомотив шығарушы зауыт сияқты индустриялық кәсіпорындарға мемлекеттік қолдаудың жан-жақты шаралары үшін компания атынан алғыс айтты.

- Индустриялық-инновациялық даму бағыты бойынша бірнеше жыл батыл қадам жасаған біздің еліміз үшін Мемлекет Басының қолдауы өте қажет. Мен еліміздің Президентіне бізге көрсеткен қамқарлығы үшін алғыс айтамын және біз онымен бірге қиялымыздағы Қазақстанды орнатымыз деген сенімділік білдіремін!  


Тізімге оралу