• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

«РохиОханиТочикистон» МУК үшін ТЭ33А локомотивтерін жеткізу

«РохиОханиТочикистон» МУК үшін ТЭ33А локомотивтерін жеткізу 28.02.2012

 Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбе қаласында «РохиОханиТочикистон» Мемлекеттік Унитарлық Кәсіпорын (Тәжікстан темір жолдары) және «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы арасында «GeneralElectric» америкалық концерн лицензиясы бойынша Астана қаласында жасалған «Evolution» сериялы 6 ТЭ33А локомотивтерін жеткізу туралы шартқа 2011 жылғы 21 қарашада қол қойылды

Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбе қаласында «РохиОханиТочикистон» Мемлекеттік Унитарлық Кәсіпорын (Тәжікстан темір жолдары) және «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы арасында «GeneralElectric» америкалық концерн лицензиясы бойынша Астана қаласында жасалған «Evolution» сериялы 6 ТЭ33А локомотивтерін жеткізу туралы шартқа 2011 жылғы 21 қарашада қол қойылды.

Шарт шеңберінде локомотивтерді жеткізу 2 локомотивтен 3 кезеңмен жүзеге асырылады. Қазақстандық тепловоздар 3 ірі Тәжікстан-Душанбе 1, Курган-Тюбе, Худжант деполарының тізіміне алынады. «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-пен «РохиОханиТочикистон» МУК үшін 4 локомотив осы күнде толығымен жасалды. Бұл тепловоздардың ішкі нарыққа жасалған ТЭ33А-дан айырмашылығы - тек корпусының түсі өзгертілген. Ол Тәжікстан Республикасының мемлекеттік туының үш үйлесімді түсін қабылдады. Тапсырыс беруші тарапынан техникалық жағынан қандайда бір өзгерістер және ұсыныстар болған жоқ.

Жол нөмірлері 0113 және 0114 локомотивтерінің бірінші тобы «Алдын ала қабылдау актісіне» қол қойылғаннан кейін ағымдағы жылдың 20 ақпанында жөнелтілді. Қазақстанда өндірілген локомотивтерді ресми қарсы алу Душанбе қаласына ТЭ33А келгеннен кейін Тәжікстан басшылығының қатысуымен және «Соңғы қабылдау актісіне» қол қоюмен 27-28 ақпанда өтті және олар енді Тәжікстан темір жолдарының меншігіне толығымен тапсырылды. Ағымдағы жылғы наурыз айының соңында барлық 6 локомотивтерді жеткізуді аяқтау жоспарланған.


Тізімге оралу