• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Сертификаттаудан өтті

05.08.2014

«Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы «Федералдық теміржол көлігіндегі сертификаттау тіркелімі» ФБМ «Evolution» сериялы тепловоздарына сәйкестік сертификатын алды, бұл ТМД және Балтық елдерінің нарығына жол ашады.

2014 жылдың 01 тамызында «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы Федералдық теміржол көлігіндегі сертификаттау тіркелімі» Федералды Бюджеттік Мекемесінен («ФТК СТ» ФБМ) «Evolution» сериялы ТЭ33АС тепловоздарына Ресейдің НБ ЖТ ЦТ 02-98 қауіпсіздік нормалары талаптарына сәйкестігін растайтын сертификат алды.

Сертификатқа қол жеткізудің барлық кезеңдерін өту тарихи оңай болған жоқ.

2011 жылы «ЛҚЗ» АҚ және «ФТК СТ» ФБМ арасында сертификаттау және сертификаттау сынақтарынан өткізу туралы шарттарға қол қойылды, көп кешікпей тепловозды сертификаттау сынақтарынан өткізу жұмыстары басталды. Мұнымен қатар тепловоз компоненттерін сертификаттау бойынша жұмыстар қолға алынды.

Сертификаттаудың 1-кезеңі аясында, 2011 жылдың 3-4 тоқсанында тепловозға бірқатар техникалық сынақтар жүргізілді, осы шара барысында «ВНИКТИ» ААҚ сынақ орталығының мамандары тепловоздан қауіпсіздік нормаларына сәйкессіздігін анықтаған. Барлық анықталған сәйкессіздіктер «ЛҚЗ» АҚ, General Electric (GE) компаниясының және ресейлік ғылыми институттары конструкторларының бірлесе жұмыс істеуінің арқасында жойылды.

Сертификаттаудың 2-кезеңі аясында, «ЛҚЗ» АҚ ТЭ33АС тепловоздарының (2-орындалуы) нұсқаушы серияларын  сертификаттауға жаңадан тапсырыс берді. Бұл тепловоз, 2011 жылы сертификаттаудан өткен ТЭ33А тепловозының модификациясы болып табылады.

2013 жылы 5 сәуірде ТЭ33АС тепловозы Коломна қаласындағы «ВНИКТИ» ААҚ сынақ орталығының полигонына жіберілді. ТЭ33АС тепловозын сертификаттау үдерісіне Ресейдің ВНИКТИ, ВНИИЖГ, ВНИИЖТ, НИИАС және «Экспертный центр» ЖШҚ сияқты және т.б. сынақ орталықтары тартылды. 2013 жылдың шілде айында ТЭ33АС тепловозының сертификаттау сынақтары табысты аяқталып, оң нәтижелерге қол жеткізілді.

Федералдық темір жол көлігіндегі сертификаттау жүйесінде (ССФЖТ),  ССФЖТ талаптарына сай сертификаттаудан міндетті түрде өтуге тиіс тепловоздың барлық компоненттеріне сертификаттар болмаса, онда тепловозға толыққанды сертификат берілмейді. Тепловоз компоненттерін сертификаттау GE компаниясы мен компоненттер өндірушілердің өз жауапкершілігінде болды, ресейлік сынақ орталықтарына тек «ЛҚЗ» АҚ шығаратын таза өстер мен жұпты доңғалақтар сертификаттауға берілді, сөйтіп, барлығы, сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын тепловоз компонентінің саны 60-тан астам.

Сертификатты алар алдында, тепловоз компоненттерін өндіруші компаниялардың бірі 2014 жылдың 2 тамызына дейін өз компоненттеріне сертификат алып үлгермеген жағдайда, елеулі тәуекелдер орын алуы мүмкін еді. Өйткені, биылғы жылдың 2 тамызынан бастап Кедендік одақтың Техникалық регламенті ресми түрде күшіне енді. Кідірістер компоненттерді сынақтан өткізудің кеш басталуынан және сынақ нәтижелерін рәсімдеу жұмыстарының созылуынан туындаған еді.    

Сайып келгенде, 2014 жылғы 01 тамызда «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ  көптен күткен сертификатқа қол жеткізді. Егеменді Қазақстанның тарихында тұңғыш рет қазақстандық тартымды жылжымалы құрамды өндіруші тепловозға сәйкестік сертификатын алды.

Сертификат «ЛҚЗ» АҚ өкілдеріне (ТЖҚСБ бастығы Ғ. Нұрхалиевке) Мәскеу қаласында 7 тамыз күні салтанатты түрде тапсырылды.

Сертификат АО

Сертификат 2.jpg

Сертификат 3.jpg


Сертификат 4.jpg

Сертификат 5.jpg



Тізімге оралу