• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Орталық зауыттық зертхана

Орталық зауыттық зертхана 23.04.2012

 Кәсіпорын ашылған күннен бастап ұйымдастырылған «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ның орталық зауыттық зертханасы (ОЗЗ) 2011 жылдың 18 тамызында тәуелсіз аккредиттенген зертхана статусына ие болды. Аккредиттеуді ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 «Сынау және үлгілеу зертханаларының құзіреттілігіне қойылатын жалпы талаптарына» сәйкес Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялары Министрлігінің техникалық реттеу мен метрология Ком...

Кәсіпорын ашылған күннен бастап ұйымдастырылған «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ның орталық зауыттық зертханасы (ОЗЗ) 2011 жылдың 18 тамызында тәуелсіз аккредиттенген зертхана статусына ие болды.

Аккредиттеуді ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 «Сынау және үлгілеу зертханаларының құзіреттілігіне қойылатын жалпы талаптарына» сәйкес Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялары Министрлігінің техникалық реттеу мен метрология Комитетінің «Аккредиттеу ұлттық орталығы» ЖШС жүргізген. Бүгінгі күнде «Аккредиттеу ұлттық орталығы» ЖШС зертханаларды аккредиттеу (ILAC) бойынша Халықаралық кооперацияның толық құқылы мүшесі болып табылады.

Аккредиттеу аттестаты зертхананың құзіреттілігін растайды, қызмет нәтижелерін тануға мүмкіндік береді.

ОЗЗ құрамына үш зертхана: химиялық зертхана, физика-механикалық сынау зертханасы және жанар-жағармай материалдары мен лак және бояу бұйымдарының зертханасы кіреді.

ОЗЗ дәлдігі жоғары қазіргі заман жабдықтарымен толық жинақталып жабдықталған.

Талдау жүргізуге арналған бағдарламалық жабдықтама - пробаларды дайындауда барынша азайтылған және химиялық реактивтерді көп мөлшерде қажет етпейтін процесс, сыналатын үлгілердің тез және дәл экспресс-нәтижелерін алуға мүмкіндік береді. ОЗЗ өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңдары мен мемлекеттік стандарттағы ұйымдастыру және әдістемелік құжаттарды басшылыққа алады. Өнімнің сыналуын ұйымдастыру мен жүргізу, талдау мен олардың нәтижелерін ресімдеу зертхана құзіретінде. ОЗЗ қызметкерлері өз кезегінде тиісті біліктілік пен қазіргі замандағы күрделі жабдықтармен жұмыс істеу тәжірибесіне ие.

Осылардың нәтижесінде ОЗЗ «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңына сәйкес ӨЖӘ ретінде өлшеу бірлігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік жүйе тізбесіне енген нормативтік құжаттарға сәйкес ЖЖМ мен металдың кез келген түрін қоса басқа материалдар бойынша тартымды жылжымалы және моторлы вагон жылжымалы құрамдары үшін зертханалық сынаулар жүргізуге құқығы бар.  


Тізімге оралу