• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Өмірзақ Шүкеев басты теміржол машина жасау кәсіпорындарына сапармен келген

Өмірзақ Шүкеев басты теміржол машина жасау кәсіпорындарына сапармен келген 21.03.2012

«Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-Ауқат Қоры» Басқармасының төрағасы Өмірзақ Шүкеев Астанада тепловоз шығаратын «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ға және жолаушылар вагонын құрастыратын «Тұлпар-Тальго» зауытына барған. «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ның Президенті Марат Тілеубаев Қор басшысын өндірістің барлық кезеңдерімен түгелдей таныстырды, шығарылатын өнімнің басымдығы, технологиялық процестің ерекшеліктері тур...

«Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-Ауқат Қоры» Басқармасының төрағасы Өмірзақ Шүкеев Астанада тепловоз шығаратын «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ға және жолаушылар вагонын құрастыратын «Тұлпар-Тальго» зауытына барған.

«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ның Президенті Марат Тілеубаев Қор басшысын өндірістің барлық кезеңдерімен түгелдей таныстырды, шығарылатын өнімнің басымдығы, технологиялық процестің ерекшеліктері туралы және кәсіпорынға тапсырылған жаңа жабдық туралы айтып берді.

«Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-ның Вице-президенті Ерік Сұлтанов локомотив өндірісіндегі қазақстандық үлес туралы Өмірзақ Шүкеевтің сұрағына жауап бере отырып, бүгінгі күнде қазақстандық өндірушілер тепловоздың көптеген жинақтарын: атап айтқанда, платформаларын, кабиналарын, әртүрлі бөліктерін жасауды, доңғалақ жұптарын қалыптастыруды игергенін және әрбір ТЭ33А үшін локализацияланған бөлшектердің жалпы саны 3 000-нан астам атауды құрайтының атап өтті. Оның айтуы бойынша, 2015 жылға дейін ТЭ33А локомотивтерін өндіруде локализация деңгейі 50%-ға жетеді.

Өмірзақ Шүкеев «Тұлпар-Тальго» зауытында әртүрлі модификациядағы – плацкарт және купе жолаушылар вагонын құрастыратын цехтарды қарап шықты, вагоннның басым техникалық сипаттамаларымен танысты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бас инженері Бауыржан Орынбасаровтың айтуы бойынша жаңа вагондардың конструкциялық жылдамдығы 200 км/сағ-ты құрайды. Кәсіпорынның жобалы қуаты – жылына 150 вагон. 2015 жылға дейін өндірістегі қазақстандық үлес 56%-ға жетеді.

КИИДМБ-ға енгізілген бұл екі кәсіпорын отандық теміржол машина жасаудың дамуында жаңа орам болып табылады.


Тізімге оралу