• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Вице-президенті Ерік Сұлтанов «ЛҚЗ» АҚ қызметкерлерін Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Вице-президенті Ерік Сұлтанов «ЛҚЗ» АҚ қызметкерлерін Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады 24.12.2012

19 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жалпы зауыттық жиналыс, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-тың тепловозды соңғы құрастыру және сынау цехында болып өтті

19 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жалпы зауыттық жиналыс, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-тың тепловозды соңғы құрастыру және сынау цехында болып өтті.

Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Ерік Сұлтанов зауыт қызметкерлерінің құрметті қонағы болды. Ол, компания қызметкерлеріне арналған құттықтау сөзінде, теміржол саласы үшін кәсіпорын жұмысының маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ зауыттың мың қаралы ұжымын еліміздің ең маңызды мерекесімен құттықтап, денсаулық, амандық, жұмыста табысты болуына тілек білдірді. Алғашқы Локомотив құрастыру зауытының алдында келесі жылға тұрған міндеттері туралы айтып, оларды шешу жолдарын көрсетті.

Кеңес аясында, «Самұрық қазына» ҰӘҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшыларының және «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ президентінің атынан, адал жұмыс істегендері үшін 30-дан астам зауыт қызметкерлері Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен қатар, «Жарқын» жаңа тұрғын үй кешеніндегі жаңа 22 пәтірдің кіліттерін беру, Қазақстанның Тәуелсіздік күніне тұсталды. Оның ішінде 14 - екі бөлмелі, 8 - үш бөлмелі. Қызметтік тұрғын үйді сатып алу кәсіпорынның әлеуметтік даму бағдарламасына кіреді, және Инвестициялық бюджетті орындау аясында жүзеге асырылады. Кәсіпорынның қызметкерлері құрамынан құрылған тәуелсіз тұрғын үй комиссиясы, пәтерлерді бөлу кезінде бірнеше негізгі принциптер: қызметкерлердің кәсіпорында қанша уақыт жұмыс істегені, сонымен қатар, қызметкер өзін қалай көрсете білгені (тәртібі, ұжымдағы жұмысы, әрине жүктелген міндеттерін адал орындауы), ТЭ33А шығару жоспарының орындалуы кезінде көрсеткен жігері, сондай-ақ зауыт басщысымен өте күрделі жабдықтарда жұмыс істеуге және жаңа технологиялық процестерді енгізу үшін шақырылған қызметкерлер басшылыққа алынды.

Сонымен қатар, қызметкердің материалдық жағдайы, отбасындағы балалар, жұмыс істеушілер саны ескерілді. Ескертеміз, кәсірорында «қызметтік пәтер» термині былтырғы жылы енгізілген. Сол кезде зауытпен 20 пәтер сатып алынды, көбінесе 1-2 бөлмелі. «Локомотив құрастыру зауыты» қызметкерлері үшін 2013 жылдың III тоқсанында 35-тен астам қызметтік пәтерлер сатып алу жоспарланған.  


Тізімге оралу