• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Зауытқа сапар

19.03.2011

5 наурызда біздің Республикамыздың астанасында Темір жол өнеркәсібі өкілдерінің қазақстан – германдық форумы өз жұмысын бастады. Астанаға экономика және технологиялардың федералдық министрлігінің кеңесшісі, теміржолшылар одағы, сондай-ақ теміржол саласында жұмыс істейтін компаниялар өкілдері келді

15 наурызда біздің Республикамыздың астанасында Темір жол өнеркәсібі өкілдерінің қазақстан – германдық форумы өз жұмысын бастады. Астанаға экономика және технологиялардың федералдық министрлігінің кеңесшісі, теміржолшылар одағы, сондай-ақ теміржол саласында жұмыс істейтін компаниялар өкілдері келді.

Форум шеңберінде өткен дөңгелек үстел барысында бірінші күні - ақ немістер тарапы «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы қызметіне үлкен қызығушылық танытты.

Делегацияның болуы кезіндегі бағдарламасына сәйкес, 16 наурызда қонақтардың «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамына экскурсиялық сапары өткізілді. Сапар барысында қонақтарға зауыттың дамуының қысқа және ұзақ мерзімді жоспарлары жөнінде ақпараттар берілді, цехтар бойынша экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында ГФР өкілдері өндірістің егжей-тегжейімен, оның қуаттылығымен, жабдықтардың ерекшелігімен жан-жақты таныстырылды. Қонақтарды дайын локомотив айтарлықтай әсерде қалдырды, германдық компаниялар өкілдерін ТЭ33А (Evolution сериялы) локомотивінің техникалық сипаттамалары, сыртқы эстетикасы және оның кабиналарының функцияналдығы таң қалдырды.

  • Сіздің кәсіпорын, оның жарақтандырылуы тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл кеңестер кеңістігін жалпы алғанда темір жол индустриясының дамуы үшін үлкен үлес қосатын зор әлеуетке ие,- деп өз пікірімен ГФР экономика және технологиялардың федералдық министрлігінің кеңесшісі, Р.Фрик ханшайым бөлісті.
  • Қазақстан өз көршілері ТМД елдеріне қарағанда бір қадам алға ілгері басты. Бұл жерде шығарылатын өнім бүгінгі күннің локомотиві ғана емес, бұл өз маңыздылығын жоғалтпайтын және ең аз дегенде жуық арадағы 15-20 жыл ішінде жаңғыртуды талап етпейтін өнім! Ал бұл қазіргі замандағы технологиялардың жоғары жылдамдықпен дамуы жағдайында айтарлықтай мерзім. Сол себепті біздің компания үшін Сіздің кәсіпорынмен жұмыс істеудің әлеуеті және ынтымақтастық нәтижелілігі айдан айқын- деп, атап өтті «Dupont» компаниясының өкілі П.Керкофф.

Тізімге оралу