• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Бірінші басшылардың назарына!

11.02.2013

 Сізге Қор компаниясының тобында, сонымен қатар «ҚТЖ»ҰК» АҚ-та «Самұрық-қазына» АҚ электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесін енгізуге байланысты, баға ұсыныстарын сұрату әдісімен сатып алу 2013 жылдың 31 қаңтарынан бастап электрондық сатып алу әдісімен, яғни электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылатынын хабарлаймыз

Сізге Қор компаниясының тобында, сонымен қатар «ҚТЖ»ҰК» АҚ-та «Самұрық-қазына» АҚ электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесін енгізуге байланысты, баға ұсыныстарын сұрату әдісімен сатып алу 2013 жылдың 31 қаңтарынан бастап электрондық сатып алу әдісімен, яғни электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.

Ашық тендер әдісімен сатып алу 2013 жылдың 20 сәуірінен бастап 50% көлемінде, ал 2013 жылдың 30 маусымынан бастап 100% көлемінде «Самұрық-қазына» АҚ электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылатын болады.

Сонымен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ компания тобында сатып алудың электрондық форматына өту мерзімінен бастап қағаз жеткізгіште сатып алу рәсімдері (тендер бойынша өтінім, баға ұсынысын қабылдау) тоқтатылатын болады.

Осыған байланысты, «ҚТЖ» ҰК» АҚ барлық мүдделі әлеуетті жабдықтаушыларды, электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілетін кезекті сатып алу рәсіміне қатысуға шақырады.

Әлеуетті жабдықтаушы электрондық сатып алу рәсіміне қатысу үшін, «Самұрық-қазына» АҚ-мен акциясының елу және одан көп пайызы (қатысу үлесінің») «Самұрық-Қазына» АҚ-ның меншігіне тікелей немесе жанамалай жататын немесе сенімді басқарудағы «Самұрық-қазына» АҚ-ы басқармасының 2012 жылғы 5 шілдедегі №29/12 шешімімен бекітілген, мекемелермен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу жөніндегі Нұсқаулықпен анықталған тәртіпте Ұлттық куәландыру орталығынан электрондық цифрлық қолтаңба алуы қажет, сондай-ақ электрондық сатып алу жүйесінде (әлеуетті жабдықтаушы) қатысушы ретінде тіркелуі тиіс.

Ол үшін support@skc.kz «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС электрондық мекен-жайына немесе 8 (7172) 55-22-66, 57-02-77 телефондары арқылы хабарласуыңыз қажет. 


Тізімге оралу