• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Еліміздің астанасына келген қонақтар зауытпен танысуда!

Еліміздің астанасына келген қонақтар зауытпен танысуда! 21.04.2011

13 сәуірде «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамының басшылығы аймақтағы ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық дайындамалары жағынан темір жол саласындағы ең ірі орталық – «Темір жол көлігінің ғылыми-зерттеу институты» ААҚ («ВНИИЖТ»ААҚ) өкілдері делегациясын қарсы алды

13 сәуірде «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамының басшылығы аймақтағы ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық дайындамалары жағынан темір жол саласындағы ең ірі орталық – «Темір жол көлігінің ғылыми-зерттеу институты» ААҚ («ВНИИЖТ»ААҚ) өкілдері делегациясын қарсы алды.

Экскурсиялық сапар барысында астана қонақтарына зауыттың дамуының қысқа және ұзақ мерзімді жоспарлары жөнінде ақпараттар берілді, цехтар бойынша экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында «ВНИИЖТ»ААҚ өкілдері өндірістің егжей-тегжейімен, оның қуаттылығымен, кәсіпорында 1200 бірліктен астам орнатылған жабдықтардың ерекшелігімен толық таныстырылды. Әрине, қонақтарға дайын локомотивтер ерекше әсер етті, оларды ТЭ33А («Evolution» сериялы) локомотивінің техникалық сипаттамалары, сыртқы эстетикасы және оның кабиналарының функцияналдығы айтарлықтай таң қалдырды.

Менің Локомотив құрастыру зауытына келуім жаңа деңгейдегі кәсіпорынмен танысуым болып отыр. Техникалық жарақтандырудың, менеджменттің жоғары деңгейі, кадрлық құрамды дайындау- бұл кәсіпорынның гүлденуі үшін тамаша қор. Ерекше айта кететін жайт, ол зауыттың өте қысқа мерзімде салынып бітуі. Қарқынды даму мен қолданыстағы сапа менеджменті жүйесі зауыттың қаржылық табысқа жетуін қамтамасыз етеді деген сенімдемін. Локомотив құрастыру зауыты, менің ойымша, көптеген темір жол компаниялары үшін болашағы бар және сенімді серіктес болып қана қоймай, еліктеуге тұрарлық үлгі бола алады - деп, «РТЖ» ААҚ президентінің аға кеңесшісі, экономикалық ғылымдар докторы Борис Моисеевич Лапидус өз ойымен бөлісті.


Тізімге оралу