• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Көрме

Көрме 29.06.2011

011 жылғы наурыздың 16-нан 18-іне дейін Мәскеу қаласында теміржол көлігін дамыту саласында Ресейдегі ең ірі – V Мерейтойлық «Exporail» Халықаралық мамандандырылған көрмесі өтті

2011 жылғы наурыздың 16-нан 18-іне дейін Мәскеу қаласында теміржол көлігін дамыту саласында Ресейдегі ең ірі – V Мерейтойлық «Exporail» Халықаралық мамандандырылған көрмесі өтті. Осыған дейінгі өткізілген жылдар ішінде, ол өзін темір жол көлігін дамыту саласындағы маңызды және қазіргі заман талабына сай екендігін көрсетті. 20 елден астам жылжымалы құрамды, құрамдастар мен жабдықтарды жеткізушілер мен өндірушілер көрмеге тұрақты сұраныс танытуда, осының нәтижесінде халықаралық іскерлік байланыстарды бекіту және жаңаша әлемдік дайындамалармен танысу мүмкіндігі туындап отыр.

Көлемді көрмелік және іскерлік бағдарлама көрсету жолымен темір жол нарығы қатысушыларының конструктивті сұхбаттасуларын ұйымдастыру көрменің мақсаты болып жарияланды. Қатысушылар өз өнімдерінің бәсекеге қабылеттілігін көрсетуге, тұсау кесерлер мен семинарлар ұйымдастырудың бірегей мүмкіндігіне ие болды.

Қазақстандық темір жол индустриясы «General Electric Transportation» американдық компаниясының дайындаушыларымен тапсырыс бойынша құрылымдалған және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының техникалық тапсырмасына сәйкес «Evolution» сериялы ТЭ33А магистральді жүк тепловозын өндіруді жүзеге асыратын, қазіргі заманға сай, теңдесі жоқ кәсіпорын «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы ретінде көрсетілді.

Техникалық сипаттамалар, сыртқы түрінің эстетикасы, құрылымдық шешімдердің инновациялығы, бәсекеге қабылетті бағасы қазақстандық локомотив өндірісіне әлеуетті сатып алушылардың, серіктестердің ғана емес, сондай-ақ жаңа технология мен оның орындалуының жоғары деңгейі бүгінгі күннің халықаралық стандарттарына жауап беретіндігін мойындаған тікелей бәсекелестердің де назарын аударды.

Ресми ашылғаннан кейін тек бір жарым жылдан кейін «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы Қазақстанның жеделдетілген индустриалды-инновациялық дамуының асқақ идеяларын жүзеге асыру еліміздің азаматтарының гүлденуі мен жақсы тұрмыс халіне апаратын тура жол болып табылатындығын дәлелдеп берді.


Тізімге оралу