• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Қазақстан мен Якутия темір жолдары серіктесті

Қазақстан мен Якутия темір жолдары серіктесті 05.12.2012

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Якутия темір жолдары» ААҚ өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Якутия темір жолдары» ААҚ өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
Маңызды құжатқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Ерік Сұлтанов пен «Якутия темір жолы» АҚ» ААҚ Бас директоры Василий Шимохин қол қойды.

Тараптар екі елдің темір жол көлігі саласын дамытуды құптады.

Меморандум аясында жылжымалы құрамның тартым құралдарын жаңғырту мен жабдықтау, темір жол техникаларын сынақтан өткізу және тепловоз жеткізу қарастырылады.

«Эволюшн» сериясындағы ТЭЗЗА тепловоздарын және оның қосалқы бөлшектерін де«Локомотив құрастыру зауыты» шығарады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

«ЛҚЗ» АҚ баспасөз қызметі 

Тізімге оралу