• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

General Electric (GE)

General Electric (GE)

Electric (GE) компаниясы «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамының ең басты серіктерінің бірі.


Electric (GE) компаниясы «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамының ең басты серіктерінің бірі.

GE қазіргі замандағы күрделі міндеттерді шешу үшін инфрақұрылымдық жобаларды, қаржыларды және масс-медианы іске асыру саласында жұмыс істейтін жаһандық көп салалы компания. Қыздыру лампасын өндіруден бастап отын батареясы негізінде технология енгізу және таза, энергия сақтайтын авиациялық қозғалтқыштарды жасауға дейін, GE және оның инновациясы міне 130 жылдан астам біздің әлемнің даму бағытын қалыптастыруда.

GE Ресейдегі және ТМД тарихы

GE XX ғ. басынан бастап өзінің қызметін Ресейде және ТМД жүзеге асыруда. 1920 жылы GE бас инженері Ч. Стейнмец ынтымақтастық туралы сөз сөйледі, ол В.И. Ленинге жазған хатында өзара әрекеттесудің мүмкін түрлерін, сондай-ақ Совет Одағындағы энергетикалық инфрақұрылымның дамуын баяндады. Соның нәтижесінде 1920-1930 жылдары GE ССРО аумағында электротехникалық жобаларда белсенді қатысып қана қоймай, сондай-ақ темір жолына бірінші локомотивтерді және басқа қажетті өнеркәсіп жабдықтарын жеткізеді.

1974 жылы Мәскеуде GE өкілділігі ашылды, ол XX ғ. 80 ж.ж. аяғынан бастап аймақта өзінің қатысуын белсенді дамыта бастайды. Соның нәтижесінде бүгін Ресей мен ТМД нарығында GE барлық бизнес-бөлімшелері – авиациялық қозғалтқыштар, электр энергиясын өндіруге арналған жабдықтарды өндіруден бастап және су даярлау мен су тазалау жүйелерін, медицинада көрсетушілік әдістерін, теледидар бағдарламасын және фильмдерді жасауға дейін қаржылық қызмет көрсету ұсынылған.

Томас Эдисон және GE

Томас Эдисон дүниеге данышпан өнертапқыш болып келді. Кем дегенде, оның бизнесті басқарудың новаторлық технологиялары белгілі. Томас Эдисон инновациялық өнімдерді әзірлеу үшін әртүрлі бизнестерді бірлестіре отырып қазіргі GE бейнесін жасады.

ҒЗТКӘ мұрасы

GE 1990 жылы АҚШ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлеме жүргізу үшін бірінші зертханасын ашты. Осы күнде GE Global Research ғылыми бөлімшенің қызметкерлері жыл сайын мындаған патенттер тіркеу және екі Нобель силығын алу арқылы қазіргі өмірге жаңа технологиялар енгізуді жалғастыруда.

1. GE қаржы, инфрақұрылым және масс-медиа саласында тез дамитын бес бизнестерден тұрады. Бизнес-бөлімшенің құрылымы қазіргі нарықта табысқа қол жеткізуге және бүгінгі күннің ашылған мүмкіндіктеріне даяр болатындай етіп жасалған.

Инфрақұрылым

Инфрақұрылымдық бизнестер жаңа жүзжылдықтың энергетикалық, көліктік, медициналық, мұнай-газ инфрақұрылымдарын жасауға көмектеседі. Осы бизнес-бөлімшелер дүниежүзілік экономика ауқымында дамыған аймақтарды одан ары бәсекеге қабілетті ететін өнімдер мен қызметтерді ұсынады, сондай-ақ таза және үнемді инфрақұрылымдық технологиялардың көмегімен дамыған елдердің жабдықтар паркін жаңартады.

Қаржылар

Компанияның қаржы бизнес-бөлімшелері коммерциялық құрылымдарға, жеке тұтынушыларға және дүниежүзі бойынша әртүрлі нарықтарға өнімдер мен қызметтердің көп түрлерін ұсынады. GE Capital құрылымы сыйымдырақ және толысты болғандықтан, нарықтық жағдайда пайда болатын мүмкіндіктерді іске асыру кезінде GE максимал пайда көруіне мүмкіндік беретін стратегиялық одақтар мен бірлескен өнеркәсіптердің дамуына күш жұмсайды.

Медиа

NBC Universal басты дүниежүзілік медиакомпаниялардың бірі болғандықтан, біз онда фильмдерімізді, теледидарлық және жаңалық бағдарламаларын, спорт хабарлары мен арнайы шараларды продюсерлейміз, әзірлейміз және оны көпшілік назарына ұсынамыз. Сонымен қатар, цифрлы технологиялардың таралуы басым болғандықтан ақпарат беру және көрсетілетін ақпараттық қызметтер маркетингі формалары едәуір өзгерістерге ұшырады. Кабельді теледидар рөлінің артуы немесе интернеттің «монетизациясы» болсын GE бүгінгі технологиялардың дамуына, сондай-ақ келешекте бизнесті жүзеге асырудың жаңа және тиімді жолдарын іздеуге өз үлесін қосады.

2. GE бизнес-бөлімшесінің қызмет ауқымы барлық дүниежүзі бойынша экономиканың көптеген секторларын және көптеген тұтынушылар санын қамтитын өнімдер мен қызметтердің кең спектрінде қолданыс табуда. Барлық GE бизнестері бір жалпы сипаттаманы бөліседі: біздің клиенттеріміздің өмірін жақсарту үшін әркім ой-қиял күшін пайдаланады.

Авиация

GE - реактивтік қозғалтқыштар өндіруде және авиациялық техникаға қызмет көрсетуде дүниежүзілік лидер болып табылады.

Біз сондай-ақ, кеме жасауда қолдану үшін, басқа коммерциялық және әскери пайдалануда газ турбиналы қондырғысын ұсынамыз. 1992 жылдан бастап GE қозғалтқыштары «Аэропорт», «Трансаэро» Ресей компанияларының ұшақтарында табысты пайдаланылуда.

Теміржолдары

GE – тепловоз жасау және теміржол көлігін басқару технологиясын әзірлеу саласында алдыңғы қатардан орын алатын, барлық дүниежүзі бойынша теміржолдарына өнімдер мен қызметтерді жеткізуде – жаһандық жеткізуші. Оның шешімдері экономика және экология көзқарастан қарағанда тиімді. Компания жүк және жолаушылар тепловозын, теміржол сигнал беруші жабдықтарын, теміржол және теңіз көліктерінің дизельді қозғалтқыштарын, сондай- ақ карьер самосвалы мен бұрғылау қондырғыларының жетектерін өндіріп шығарады.

Денсаулық сақтау

GE Healthcare медициналық көрсетушілік және диагностика, ақпараттық технологиялар, пациенттерді бақылау жүйесі, медициналық зерттеулер, биофармацевтика және дәрі препараттарын әзірлеу саласындағы тәжірибесі мен білімі ауруды ертерек іздеп табуға және әрбір пациент үшін жеке емдеуді жүргізуге бағытталған. GE Healthcare бөлімшесі ресейде 20 жылдам астам жұмыс істеу барысында алдыңғы қатарлы медициналық жабдықтардың 2000 астам данасын Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Белгородта, Уфада, Краснодарда, Новосибирскіде, Хабаровскіде және ресейдің басқа қалаларында орналасқан 750 астам медициналық мекемелерге жеткізді.

Мұнай және газ

GE дүниежүзілік деңгейде мұнай-газ секторы үшін жоғары технологиялық жабдықтарды, қызметтер мен кешенді шешімдерді ұсынады. GE OilgGas бөлімшесі Европада және АҚШ инжинирингті орталықтары мен өндірістік әлеуеттілігі болғандықтан мұнай мен газды өндіру, қайта өндіру, газды сұйылту үшін, мұнай химиялық өнеркәсібі үшін және мұнай мен газды тасымалдаудың біріккен жүйесін жасау үшін, соның ішінде, құбыр өткізу жүйесін талдау мен бағалау үшін кешенді шешімдерді ұсынады.

Жарық

Томас Эдисон қыздыру шамына жақсартылған қыл ойлап тапқаннан кейін, GE дүниені едәуір жарық қылды. 130 жыл өткеннен кейін GE тұтынушы, өнеркәсіп және коммерциялық нарықтары үшін жанартпашылық өнімдерін ұсынуды жалғастыруда.

Электр энергиясын тарату

GE электр энергиясын таратудың қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін кешенді жабдықтардың көптеген түрлерінің жинағын ұсынады. Электр энергиясын тарату және бақылау саласындағы өнімдер мен шешімдер коммерциялық, өнеркәсіптік жеке мақсаттарда кеңінен пайдаланылады.


Тізімге оралу