• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Өнім туралы

products.jpg

«Evolution» сериялы ТЭ33А магистральді жүк бір секциялы тепловозы – қуаттылығы 3356 кВТ (4562 а.к.) тартым күшін осьтік реттейтін ауыспалы - айнымалы токты электрлі берілісті техникалық жағынан үздік және үнемді тепловоз.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

  • GEVO 12-цилиндрлік дизельді қозғалтқышы 2ТЭ10М және 2ТЭ116 локомотивтерінде орнатылған 10Д100 және Д49 дизель қозғалтқыштарымен салыстырғанда сәйкесінше техникалық қызмет көрсету, отыны және майы бойынша жылына АҚШ-тың 150 мың.долларынан астам көлемде үнемдеуді қамтамасыз етеді.
  • Жөндеу аралық кезең 2ТЭ10М, 2ТЭ116 тепловоздары үшін 18 тәулікті құраса, бұнда жөндеу аралық кезең 92 тәулікті құрайды.
  • ТЭ33А бір секциялы жүк тепловозы 6000 тоннаға дейінгі салмақты поездарды алып жүруге қабылетті.
  • Жылына екіден кем бас тарту деңгейіндегі тепловоздың жоғары сенімділігі.
  • Атмосфераға шығарынды деңгейі UIC III A эмиссиясы бойынша стандарттарға, МЕМСТ Р 50953-96, МЕМСТ Р 50952-96 экологиялық талаптарына сәйкес келеді. 2ТЭ10М және 2ТЭ116 локомотивтерімен салыстырғанда атмосфераға залалды заттардың шығарылуы 40 пайыздан аса төмендетілді.
  • ТЭҚ-да ауысымды токты пайдалану үлкен тартымды күшпен қамтамасыз етеді және доңғалақтардың төсеммен ілінісуінің осьтік бақылауының нәтижесінде доңғалақтардың тұрып қалуын төмендетуге мүмкіндік береді.
  • Микропроцессорлық басқару жүйесі қозғалыс параметрін және жабдықтар жұмысын, диагностикалауға мүмкіндік береді, оператордың жұмысын жеңілдетеді.

ТЭ33А тепловозының негізгі сипаттамалары

  • ДГУ қуаттылығы -3356 кВТ (4564 а.к.)
  • АС/АС тартым күші осьтік реттелетін беріліс түрі.
  • Асинхронды үлгідегі ауыспалы-айнымалы токты алты ТЭҚ-тың старт алуы 534 кН болғанда, ұзақ мерзімде - 427 кН тартым күшін қамтамасыз етеді.
  • Максималды жылдамдығы - 120 шақырым/сағ.
  • Оське түсетін жүктеме - 23 т - +3%.
  • Отынның үлесті тиімді шығыны – 192 г/кВТ*сағ.
  • Қалдыққа кететін дизель майының шығыны, отын шығынына қарағанда – 0,3%.
  • Бос жүрістегі дизель отынының шығыны – 8,80 кг/сағ.
  • Табаны – 1520 мм.
  • Тепловоз қазіргі заманға сай қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін КЛУБ-У жүйесімен жарақтандырылған.