• image
  • image
  • image
  • image
  • image
  • image

Құрылым

Тлеубаев Марат Болатұлы Тлеубаев Марат Болатұлы
«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ Президенті

1962 жылы 5 мамырда туған.

1989 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Теміржол көлігін электрлендіру» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы Жамбыл локомотив депосынан бастаған, 1989 жылғы тамыз айынан 1999 жылғы шілдеге дейінгі аралықта цех бригадирі, аға шебер, өндірістік учаске бастығы, депо бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

1999 жылғы маусымнан 2001 жылғы наурызға дейін Ақмола стансының локомотив депосында бас инженер қызметін атқарды.

2001 жылғы наурыздан 2004 жылғы сәуірге дейінгі аралықта «Желдорреммаш» ААҚ-нда бас инженер, вице-президент қызметтерін атқарды.

2004-2008 жылдары –«Бәйтерек» АҚ-ның президенті қызметін атқарды.

2008 жылғы қарашадан 2009 жылғы қарашаға дейінгі аралықта «Қамқор Менеджмент» ЖШС-да локомотив шаруашылығы департаменті директорының орынбасары және локомотив шаруашылығы департаментінің директоры лауазымдарында қызмет атқарды.

2009 жылғы желтоқсаннан 2011 жылғы наурыз айына дейін - «Қамқор-Локомотив» ЖШС-да бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2011 жылғы наурыз айында «Локомотив құрастыру зауыты» Акционерлік Қоғамының президенті лауазымына шақырылды.

Макишев Әділбек Таңырбергенұлы Макишев Әділбек Таңырбергенұлы
Экономика және қаржы жөніндегі Вице-президент

Нұралы Қанат-Бек Жарылқасынұлы Нұралы Қанат-Бек Жарылқасынұлы
Коммерциялық мәселелер жөніндегі вице-президент

1977 жылы 23 қазанда дүниеге келген.

Білімі: жоғары экономикалық

Еңбек қызметін «Окан Интерконтиненталь Астана» АҚ бастаған: 1998 – 2003 жылдар аралығында кассир, табыс жөніндегі аудитор, жабдықтау бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген.

2003 – 2005 жылдар аралығында «Уфук» ЖШС түрік компаниясында коммерциялық директор болған.

2006 – 2008 жылдар аралығында «Neo Group NC» ЖШС компаниясының басшысы болған. 

2008 – 2010 жылдар аралығында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ қамтамасыз ету бойынша вице-президенттің көмекшісі лауазымында істеген.

2010 – 2013 жылдар аралығында «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ материалдық-техникалық жабдықтау басқармасының бастығы мен коммерция және сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі вице-президенті болып қызмет атқарған.

2013 - 2014 жылдар аралығында Еуропалық экономикалық сауда-өнеркәсіптік палатасының вице-президенті болып жұмыс істеген.

2014 жылдың шілде айынан бастап - «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ коммерциялық мәселелер жөніндегі вице-президенті.

Перминов Виктор Иванович Перминов Виктор Иванович
Техникалық даму жөніндегі вице-президент

1964 жылы Целиноград қаласында туған.

1984 жылы Целиноград теміржол көлігі техникумын «Көліктегі жүк жұмыстарын механизациялау» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2003 жылы Қазақстан қатынас жолдары университетін «Құрылыс жол машиналары» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1987 жылы Астана локомотив депосында бастаған, мұнда ол 1987 жылдан 2001 жылға дейін сілесір, механикалық жабдықтарды жөндеу бойынша цехтың шебері, бас механик, өнідірістік-техникалық бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

2001 жылдан 2004 жылға дейін «Желдорреммаш» ААҚ-да өндірістік-техникалық бөлім бастығы лауазымында қызмет атқарды.

2004 жылғы сәуірде «Бәйтерек А» АҚ-ға вице-президенті қызметіне шақырылды.

2007 жылғы желтоқсаннан 2011 жылғы сәуірге дейін «Қамқор Менеджмент» ЖШС-де локомотив шаруашылығы департаментінің бас менеджері және инвестициялық саясат және жаңа жобалар департаментінің бас менеджері лауазымдарында қызмет атқарды.

2011 жылғы мамырдан бастап осы уақытқа дейін «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамының техникалық даму жөніндегі директоры.

Жаңабаев Төлеген Елбасыұлы Жаңабаев Төлеген Елбасыұлы
Өндіріс жөніндегі вице-президент

1979 жылы туған.

1998 жылы Энегетика және бизнес колледжін бітірген. 2005 жылы Көлік және коммуникация Қазақ академиясын, Локомотивтер мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі - инженер механик.

Еңбек қызметін 1998 жылы Арыс қаласындағы «Заря» (Резерв) комбинатында сигнал беру және байланыс электромонтері ретінде бастады.

2001 жылдан бастап 2003 жылға дейін эксплуатациялық локомотив депосында, «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ «Бұрабай-шипажайы» филиалында электровоз машинисінің көмекшісі орнында жұмыс істеді.

2003 жылдан бастап 2005 жылға дейін «Ремлокомотив» ЖАҚ Астана локомотив жөндеу депосында ТҚК-6 цехының бригада бастығы, аппарат цехының бригада бастығы орнында жұмыс істеді.

2005 жылғы наурыздан бастап 2011 жылғы маусымға дейін «Қамқор Менеджмент» ЖШС-да жұмыс істеді, бас маман, 2007 жылдан бастап менеджер, 2008 жылдан бастап локомотив шаруашылығы депортаментінде бас менеджер, 2009 жылдан бастап 2011 жылға дейін сапа жөніндегі бас инспектор қызметін атқарды.

2011 жылғы шілде айынан бастап 2012 жылғы қыркүйек айына дейін «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-та өндірісті жоспарлау бөлімінің бастығы орнында қызмет атқарды.

2012 жылғы қыркүйек айынан осы уақытқа дейін - «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-тың өндіріс жөніндегі директоры.

Бекмаганбетова Тамара Серікқызы Бекмаганбетова Тамара Серікқызы
Бас бухгалтер

1963 жылы Ақмола облысы Қорғалжын ауылында дүниеге келген.

1983 жылы Целиноград совхозтехникумын бухгалтер-экономист мамандығы бойынша тәмамдады.

1991 жылы Целиноградтық ауылшаруашылық институтын бухгалтер мамандығы бойынша аяқтады.

1983 жылы еңбек жолын Қорғалжын ауданының Дружба совхозында бухгалтер есебінде бастады.

1991 мен 1998 жылдар аралығында Қорғалжындық көпсалалы коммуналдық шаруашылығында, Қорғалжындық өндірістік жол учаскесінде бас бухгалтер ретінде қызмет атқарды.

1999 жылдан 2002 жылға дейін «Казахавтодор» РМҚК бас бухгалтердің орынбасары, бас маман ретінде қызмет.

2002-2005 жылдар аралығында «Акмола жолдары» АҚ бас бухгалтері.

2005 жыдан бастап 2012 жылға дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы »-«Процессинг және тасымал есебі дирекциясы» бөлім бастығы, бас бухгалтердің орынбасары ретінде қызмет атқарды.

2012 жылдың тамыз айынан бастап «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ бас бухгалтері.