Структура
Тлеубаев Марат Болатұлы
Президент АО «Локомотив құрастыру зауыты»
Родился 5 мая 1962 года.
В 1989году окончил Алматинский институт инженеров железнодорожного транспорта по специальности Электрификация железнодорожного транспорта.
Трудовую деятельность начал в 1989 году в Локомотивном депо ст. Джамбул, где в период с августа 1989г. по июль 1999г. занимал должности Бригадира Цеха, Старшего мастера, Начальника производственного участка, Заместителя начальника депо по производству.
С июня 1999 по март 2001 занимал должность Главного инженера в Локомотивном депо ст. Акмола.
В период с марта 2001 по апрель 2004 работал Главным инженером, Вице-президентом в ОАО «Желдорреммаш».
2004-2008 годы работал на позиции Президента АО «Бәйтерек-А» (Атбасарский электровозоремонтный завод).
В период с ноября 2008 года по ноябрь 2009 года занимал должности Заместителя директора департамента локомотивного хозяйства и Директора Департамента локомотивного хозяйства в ТОО «Қамқор Менеджмент».
С декабря 2009 года по март 2011 года – работа в ТОО «Қамқор Локомотив» на позиции Заместителя Генерального директора по производству.
В марте 2011 года приглашен на должность Президента АО «Локомотив құрастыру зауыты».
Перминов Виктор Иванович
Техникалық даму жөніндегі вице-президент
1964 жылы Целиноград қаласында туған.
1984 жылы Целиноград теміржол көлігі техникумын «Көліктегі жүк жұмыстарын механизациялау» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2003 жылы Қазақстан қатынас жолдары университетін «Құрылыс жол машиналары» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1987 жылы Астана локомотив депосында бастаған, мұнда ол 1987 жылдан 2001 жылға дейін сілесір, механикалық жабдықтарды жөндеу бойынша цехтың шебері, бас механик, өнідірістік-техникалық бөлім бастығы қызметтерін атқарған.
2001 жылдан 2004 жылға дейін «Желдорреммаш» ААҚ-да өндірістік-техникалық бөлім бастығы лауазымында қызмет атқарды.
2004 жылғы сәуірде «Бәйтерек А» АҚ-ға вице-президенті қызметіне шақырылды.
2007 жылғы желтоқсаннан 2011 жылғы сәуірге дейін «Қамқор Менеджмент» ЖШС-де локомотив шаруашылығы департаментінің бас менеджері және инвестициялық саясат және жаңа жобалар департаментінің бас менеджері лауазымдарында қызмет атқарды.
2011 жылғы мамырдан бастап осы уақытқа дейін «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамының техникалық даму жөніндегі директоры.
Жаңабаев Төлеген Елбасыұлы
Өндіріс жөніндегі вице-президент
1979 жылы туған.
1998 жылы Энегетика және бизнес колледжін бітірген. 2005 жылы Көлік және коммуникация Қазақ академиясын, Локомотивтер мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі - инженер механик.
Еңбек қызметін 1998 жылы Арыс қаласындағы «Заря» (Резерв) комбинатында сигнал беру және байланыс электромонтері ретінде бастады.
2001 жылдан бастап 2003 жылға дейін эксплуатациялық локомотив депосында, «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ «Бұрабай-шипажайы» филиалында электровоз машинисінің көмекшісі орнында жұмыс істеді.
2003 жылдан бастап 2005 жылға дейін «Ремлокомотив» ЖАҚ Астана локомотив жөндеу депосында ТҚК-6 цехының бригада бастығы, аппарат цехының бригада бастығы орнында жұмыс істеді.
2005 жылғы наурыздан бастап 2011 жылғы маусымға дейін «Қамқор Менеджмент» ЖШС-да жұмыс істеді, бас маман, 2007 жылдан бастап менеджер, 2008 жылдан бастап локомотив шаруашылығы депортаментінде бас менеджер, 2009 жылдан бастап 2011 жылға дейін сапа жөніндегі бас инспектор қызметін атқарды.
2011 жылғы шілде айынан бастап 2012 жылғы қыркүйек айына дейін «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-та өндірісті жоспарлау бөлімінің бастығы орнында қызмет атқарды.
2012 жылғы қыркүйек айынан осы уақытқа дейін - «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-тың өндіріс жөніндегі директоры.
Иманалиев Амангельді Жадгерович
Коммерциялық мәселелер жөніндегі вице-президент.
1984 жылы 16 шілдеде туылған.
2006 жылы Алматы Экономика және статистика институтын бітірген.
2013 жылы Шығыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін электроэнергетика мамандығы бойынша бітірген.
2019 жылы МБА бағдарламасы бойынша Geneva Business School-да білім алған.
Еңбек қызметін 2017 жылдың ақпан мен қараша аралығында Туран Алем Банкінің несие бойынша маманы лауазымынан бастаған.
2007 жылдың қараша айында Ақтөбе қаласындағы локомотив жөндеу депосы базасында Дженерал Электрик Интернейшнл СТН Қазақстандық филиалында жұмыс істей бастады, онда 2007-2013 жылдар аралығында материалдар бойынша маман, техникалық кеңесші, күрделі жөндеу жобасы бойынша материалдар бойынша менеджер лауазымдарын атқарған. Сол жерде 2ТЭ10МК сериялы жаңартылған локомотивтерге қызмет көрсетуге қатысты.
2013 жылғы мамырда Астана қаласының кеңсесіне күрделі жөндеу қызметінің басшысы лауазымына ауыстырылды, онда 2ТЭ10МК және ТЭ33А Эволюшин сериялы локомотивтердің ірі тораптарын жөндеуді оқшаулауға жауапты болды.
2018 жылы Астана Дизель Сервис зауытының базасында Эволюшн сериялы дизельді қозғалтқыштар мен локомотив тораптарын күрделі жөндеу бойынша Wabtec жөндеу базасының бірінші басшысы болып тағайындалды.
2020 жылдың қазан айынан бастап «ЛҚЗ» АҚ-ның коммерциялық мәселелер жөніндегі вице-президенті лауазымына тағайындалды.
Ибраев Ертас Нуртаевич
Экономика және қаржы жөніндегі вице-президент
<
1984 жылы 17 ақпанда Семей қаласында туылған.
2005 жылы Қазақстандық экономика менеджменті және болжамдау институтын іскерлік әкімшілік және бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметін 2005 жылы Райымбек Боттлерс компаниясында қаржы талдаушысы болып бастаған.
2006 жылғы наурыздан бастап 2011 жылғы тамызға дейін PWC аудиторлық ұйымында жұмыс істеді, онда 2006 жылғы наурыздан бастап 2008 жылғы қыркүйекке дейін маман лауазымын, ал 2008 жылғы қазаннан бастап 2011 жылғы тамызға дейін аудиторлық бөлімнің аға маманы лауазымын атқарды.
2011 жылғы тамыздан 2018 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстандағы General Electric Transportation компаниясының сервистік бөлімшесінің қаржы талдаушысы, қаржы менеджері және аға қаржы менеджері лауазымдарында жұмыс істеді.
2018 жылғы қазанда «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі Вице-президенті лауазымына тағайындалды.
Закупова Мадина Владимировна
Бас бухгалтер
1976 жылы 7 сәуірде Ақмола облысы Ерейментау ауданында туылған.
1995 жылы Ақмола кооперативтік техникумын бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау мамандығы бойынша бітірген.
2004 жылы Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен берілген кәсіби бухгалтер сертификатының иегері.
Еңбек жолын 1997 жылы «Еркіншілік элеваторы» АҚ таксировка лауазымынан бастады. 1998 жылдан 2002 жылға дейінгі жұмыс кезеңінде осы кәсіпорында оперативті есеп бухгалтері, оперативті есеп аға бухгалтері, бас бухгалтердің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
2002 жылдың шілдесінен тамызына дейін Астана қаласындағы экономика - заң колледжінің бас бухгалтері болып жұмыс істеді.
2002 жылғы тамыздан 2006 жылғы наурызға дейін "ҚТЖ"ҰК" АҚ Тасымалдау дирекциясы бухгалтерлік есеп басқармасының қаржыландыру бөлімінің бастығы қызметін атқарған.
2006 жылғы наурызда "ҚТЖ "ҰК"АҚ Тасымалдау дирекциясының басқарма бастығының орынбасары – жиынтық теңгерім және салық есебі бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.
2009 жылғы қыркүйекте "ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Тасымалдау процесі дирекциясы"филиалының бас бухгалтері лауазымына тағайындалды.
2010 жылдың шілдесінен 2012 жылдың маусымына дейін "ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалының бас бухгалтері,
2012 жылдың маусымынан 2013 жылдың тамызына дейін "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ бас бухгалтерінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2013 жылдың тамызынан бастап «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ бас бухгалтерінің м.а.