Жаңалықтар

«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ ұзақ мерзімді шартқа қол қойды
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың еншілес ұйымы - «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Қазақстан Республикасындағы тепловоздарды негізгі сатып алушы болып табылады, локомотив паркін жаңарту оның бизнес-сегменттерінің бірі болып табылады. «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ General Electric (бұдан әрі - GE) компаниясының лицензиясы бойынша, Evolution® технологиясы базасында Астана қаласындағы «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, локомотив құрастыру зауытында өндірілетін ТЭП33А сериясындағы жолаушылар тепловоздарын және ТЭ33А (С) сериясындағы жүк тепловоздарын сатып алуды жоспарлайды.