Bodi Group (Моңғол Халық Республикасы) делагациясы "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ-нда жұмыс сапарымен болды
Бүгін Bodi Group (Моңғол Халық Республикасы) делагациясы "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ-нда жұмыс сапарымен болды. Кездесу барысында делегация өкілдері ТЭ33АС локомотивінің құрастыру технологиясымен танысып, алдағы уақыттағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Bodі Group - құрылыс, инфрақұрылым, тау-кен өндірісі, жылжымайтын мүлікті басқару және қызмет саласында мамандырылған, Моңғолиядағы жетекші компаниялардың бірі. Мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуына үлес қосып, инновациялық, тиімді жобаларды сәтті жүзеге асырған ұлттық кәсіпорын.