Жаңалықтар

Жаңа тораптарды игеру
Электровоз құрастыру зауыты ЖШС құрылыс алаңы туралы мәселені шешу кезінде қазақстандық локомотив құрастыру кәсіпорнының аумағы таңдалғаны кездейсоқ емес. Бұл шешім теміржол тұйығының, коммуникациялық жолдардың болуына, қалаға жақын орналасуына, сондай-ақ "Локомотив құрастыру зауыты"АҚ өндірістік қуаттарының жоғары жабдықталуына байланысты болды.
"Локомотив құрастыру зауыты".
Осы жылдың маусым айында теміржол машинасын жасаудың екі алыбы арасында металл жинақтауыштарға тапсырыс орналастыру туралы шартқа қол қойылды. Жалпы алғанда, "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ қуаттылықтарында 1 800-ден астам бөлшек атаулары дайындалатын болады, бұл сандық баламада әрбір KZ8A үшін шамамен 20 000 бөлшектерді құрайды.
Қазірдің өзінде "ЛҚЗ" АҚ мамандары арба жақтауының бірінші үлгісін толық жасап шығарды. Alstom мамандарымен бірге металл бөлшектерін дайындаудың, оларды июдің, торап дәнекерлеудің Француз технологиясын игеру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Қазіргі уақытта техникалық бақылау бөлімінің талдауы бойынша жұмыстар жүргізілуде, оған визуалды бақылау, дәнекерлеу үлгілерінің дефектоскопиялық және зертханалық талдаулары кіреді және дайындау сапасын алдын ала тексеру нәтижелері бойынша оң баға берілді.
"ЛҚЗ" АҚ өкілінің айтуынша, арбашықтар қаңқасының бірінші үлгісін дайындау үшін зауыттың адами және техникалық ресурстары пайдаланылған, жабдықтар мен штат жиынтығының қосымша сатып алынуы болған жоқ. Бірақ 34 шанақ, 24 шатыр жиынтығы, 56 арбашық және 112 доңғалақ жұптары үшін келесі жылға алдын-ала тапсырыс беру арқылы зауыттың жоғары технологиялық машиналарының тізімі кеңейтіледі.