Жаңалықтар «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ

Үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті

Көлік қызметкерлері күні – біздің компания үшін ерекше мереке. Дәстүр бойынша басшылық ерекшеленген қызметкерлерді Алғыс хаттар және Құрмет грамоталарымен марапаттайды.

Сондай-ақ бүгін үздік қызметкерлерді жалпы дауыс беру нәтижелері бойынша марапаттау рәсімі өтті. «Зауыт озаттары» атағын 13 қызметкер және «Зауыттың үздік қызметкері» атағын 7 қызметкер иеленді.

Құрметті әріптестер, біздің ортақ ісімізге қосқан үлестеріңіз үшін алғыс сөздерін білдіреміз. Ынтымақтастық үшін, барлық күш-жігер мен еңбек үшін рахмет!