Жаңалықтар «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ

"Локомотив құрастыру зауыты" АҚ металл құрылымдарын дайындауға маманданған компаниялар үшін жәрмеңке өткізеді

«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ тепловоз өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты металл құрылымдарын дайындауға мамандандырылған барлық компанияларды жәрмеңкеге шақырады. Біздің кәсіпорын ірі тораптар мен бөлшектерді жасауға тапсырыс беруді жоспарлап отыр. Жәрмеңке 27.05.2022 жылы сағат 10:00-да өтеді. Мекен жайы: Қазақстан Республикасы Нұр-Сұлтан қаласы, Индустриялық Парк, А184 көше, 8а ғимараты.