Жаңалықтар «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Орынбасарұлы Бекмурзаев «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ның басшылығымен кездесті.

Кездесу барысында зауыттың заманауи талаптарға сай, өндіріс деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталғаны айтылды. Осыған сәйкес, жоғары лауазымды білікті кадрлардың өткір тапшылығы жайлы мәселелері талқыланды. Сондай-ақ олар заманауи техникалық шешімдердің арқасында сапа деңгейінің өсуі, отын үнемділігі жағынан, локомотив бригадаларының еңбек жағдайларының жақсаруы сияқты ерекшеліктерді атап өтті. Бүгінгі таңда «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ 400-ден астам тепловоз шығарып, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Әзірбайжан, Молдова және Украина мемлекеттеріне экспорттау үстінде.