Новости АО «Локомотив курастыру зауыты»

«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ 15 жылдық мерей тойын атап өтті

3 шілде «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ 15 жылдық мерей тойын атап өтті.

Локомотив Құрастыру Зауыты - ел экономикасының дамуына үлкен үлес қосып, жұмыс орындарын ашып, қызмет көрсету сапасын арттырып, үздіксіз дамып келе жатқан Evolution сериясының жаңа буын тепловоздарын шығаратын Қазақстандағы жалғыз зауыт.

Сіздердің арқаларыңызда бәріміз бір жолда аянбай еңбек етіп, алға қойған мақсат-мұратымызға жетіп, ортақ істің көркеюіне үлес қосып жатырмыз. Сіздерге денсаулық, өздеріңізге деген сенімділік, жұмыста тиімділік, жеке өмірлеріңізде өркендеу және бақыт тілейміз!