Жаңалықтар «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ

"Локомотив құрастыру зауыты" АҚ Алматы қаласындағы Логистика және көлік академиясы АҚ-да өткен "Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік және цифрландыру жөніндегі II Еуразиялық форумға" қатысты.

"Локомотив құрастыру зауыты" АҚ Алматы қаласындағы Логистика және көлік академиясы АҚ-да өткен "Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік және цифрландыру жөніндегі II Еуразиялық форумға" қатысты. Форум аясында көлік-логистика саласы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.Бұл іс-шараның басты мақсаты теміржол саласындағы қауіпсіздік пен цифрландыруды қамтамасыз ету, адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру жағдайларын болдырмау және тасымалдау жұмыстарын орындау кезінде ескерту шараларын жетілдіру. Сондай-ақ, теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету; көлік жүйесін жаңғырту; кадрларды даярлау сияқты секциялар қарастырылды. Кәсіби кадрларды дайындамаса, тепловоздар өндірісін жақсарту және жетілдіру мүмкін еместігін түсінеміз. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ 450-ден астам локомотив шығарды.