27.05 2022 жылы "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ бүкіл Қазақстан бойынша металл құрылымдарын дайындауға маманданған компаниялар үшін жәрмеңке ұйымдастырды.
27.05 2022 жылы "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ бүкіл Қазақстан бойынша металл құрылымдарын дайындауға маманданған компаниялар үшін жәрмеңке ұйымдастырды. Алдағы бірнеше жылда тепловоз өндірісі көлемінің ұлғаюына байланысты акционерлер мен кәсіпорын басшылығы үшінші тарап компанияларында ірі тораптар мен бөлшектерге тапсырыс беру туралы шешім қабылдады. Кездесу барысында қатысушы ұйымдардың барлық өкілдері берілетін тораптар мен бөлшектердің өндірістік процесімен танысты. Жәрмеңкеге Қазақстан машина жасаушылар одағының Басқарма төрағасының орынбасары Мақанов Ерқанат Қазкенұлы және Қазақстан бойынша 27 компания қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты локомотивтер үшін Қазақстандық қамту үлесін арттыру.